Hotpoint Ariston SXBHAE 920 Instructions For Use Manual page 162

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 20
КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Тазалар алдында құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
Ішін тазалау
• Құрылғының үстіне су құймаңыз.
• Ішкі қуысты сода бикарбонаты мен қанжылым суды (5 мл 0,5 литр суға) қолданып, ауық-
ауық тазалап отыру қажет
• Қосымша бөлшектерді жеке, сабын мен су қолданып тазалаңыз. Оларды ыдыс жуғыштың
ішіне салмаңыз.
• Жеміргіш өнімдерді, тазалағыш заттарды немесе сабындарды қолданбаңыз.
• Жуып болған соң, таза сумен шайып, мұқият құрғатып алыңыз.
• Тазалап болған соң, істікшені құрғақ қолмен қайта қосыңыз.
Сыртын тазалау
• Корпустың сыртын жылы сабын сумен жуыңыз. Жеміргіш өнімдерді қолданбаңыз.
• Өнімнің астыңғы жағында өткір қырлар бар, сондықтан, тазалау кезінде сақтық
шараларын сақтау керек.
• Жылына бір немесе екі рет құрылғы мен оның артқы жағындағы компресссорды
қылшақпен немесе шаңсорғышпен тазалап отырыңыз, өйткені, шаңның жиналуы
құрылғының жұмысына әсер етеді және қуат тұтынуды арттырады.
Құрылғы қолданылмаған жағдайда
Құрылғы ұзақ уақыт қолданылмаған жағдайда, қуат көзінен ажыратып, тағамдардан
босатып, ішін тазалап қойыңыз. Иістеніп кетпеу үшін, есігін ашып қойыңыз.
Жібіту
Ескертпе: Төмендегі әрекеттерді жасаған кезде абай болған дұрыс.
• Құрылғыда қырау жоқ, сондықтан мұздатқышты еш қыраудан тазалау қажеттігі
жоқ. Алайда, егер құрылғы жібітуді қажет ете қалған жағдайда, келесі қадамдарды
орындаңыз:
• Мұздатқыштағы тағамды, мүмкіндігінше, жібітудің алдында пайдаланып тастауға
тырысыңыз. Бірақ, тағам қалып қойған жағдайда, оны газетке орап, тазаланып болып,
қайта орнына қойғанша, шетке қоя тұрыңыз.
• Құрылғыны қабырғадағы ұяшықтан өшіріп, істікшені суырып алып тастаңыз.
• Мұздатқыштың есігін ашыңыз.
• Еріген мұздан пайда болған суды жинайтын қолайлы ыдыс қойыңыз.
• Ерітіп болған соң, ішін тазалап, құрғатып алыңыз.
• Құрылғыны қосып, кез-келген мұздатылған тағамды қайта орналастырыңыз.
Мұздатқыштың ішіне ыстық су (қайнап тұрған емес) құйылған шұңғылдарды қою арқылы
және арнайы пластик қырғышпен қырауды босату арқылы жібітуді тездетуге болады.
Ешқашан өткір метал саймандарды қолданбаңыз, өйткені ол құрылғыға зақым
келтіруі мүмкін.
Ешқашан электр қыздырғыштарды қолданбаңыз, ол тоқ соғу қаупін тудырады.
162

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Sxbhae 925Sxbhae 930

Table of Contents