Hotpoint Ariston SXBHAE 920 Instructions For Use Manual page 154

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 20
ҚҰРЫЛҒЫҢЫЗДЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ ҚОСУ
• Құрылғының жұмыс жасау кернеуі 220-240В, 50Гц аралығында.
• Электр желісіне қоспас бұрын, жабдықтау тақтайшасындағы кернеу сіздің үйіңіздегі
электр желісінің жұмыс кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
• Істікшені неғұрлым жарамды жерге тұйықталған желіге қосыңыз. Егер ұяшық жерге
тұйықталмаған болса, немесе істікше оған сәйкес келмесе, көмектесетін өкілетті электр
маманына хабарласуға кеңес береміз.
• Құрылғыңызды күн сәулесі тура түспейтін орынға орналастырыңыз.
• Сіздің құрылғыңыз пештер, қазандықтар сияқты жылытқыш көздерден кем дегенде 10
см алшақ болуы тиіс.
• Бұл құрылғы ешқашан далада қолданылмауы тиіс, әрі, жаңбыр астында қалтырылмауы
тиіс.
• Сіздің құрылғыңыз тоңазытқыш тұғырдың немесе тоңазытқыштың қасында орналасса,
оның сыртында ылғал болмау үшін, олардың арасында кем дегенде 10 см алшақтық
болуы тиіс.
• Құрылғының үстіне ешнәрсе қоймаңыз және оның төбесінен кем дегенде 30см бос
кеңістік қалатындай қолайлы жерге орнатыңыз.
• Егер құрылғыңызды асүй жиһаздарының қасына орнатар болсаңыз, олардың арасына
10см кеңістік тастаңыз.
• Құрылғының артқы беті қабырғадан кем дегенде 7,5см алыс орналасуы тиіс.
• Құрылғы тік күйінде және жазық жерде қолданылуы тиіс.
• Құрылғыны түзулеу үшін, құрылғының реттегіш аяқтарын қолданыңыз.
• Құрылғыңызды кілем төселген жазықтыққа орналастырмаңыз, себебі, ол, оның дұрыс
желдетілуіне кедергі келтіреді.
• Бұл құрылғы тек қана тегіс орнықты жазықтыққа орнатылуы тиіс.
• Құрғақ және жақсы желдетілетін кеңістікті таңдаңыз.
• Құрылғыны істікшесі оңай алынатындай етіп орналастыру қажет.
ҚОСПАС БҰРЫН
• Құрылғыны пайдаланар алдында, жылы суға бір ас қасық сода бикарбонатын қосып,
жаңа құрылғының барлық жерлерін оған малынған дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз,
сосын, оны қайтадан құрғақ шүберекпен сүртіп алып, құрғатыңыз (бұл әрекет кезінде
құрылғының тоққа қосылмағандығына сенімді болыңыз).
• Барлық тасымалдау таспалары мен пенопласт бөлшектерді алып тастаңыз. Ішкі жағын
қанжылым сабын суға малынған шүберекпен тазалап алыңыз. Таза сумен құрғата сүртіп
алыңыз.
• Құрылғыны алғаш қосқан кезде иіс болуы мүмкін, ол құрылғы салқындаата бастаған
кезде жоғалып кетеді.
• Құрылғыны орналастырған кезде, корпусты тұрақтандыру үшін оның аяқтарын реттеңіз.
Бұл оның тыныш жұмыс жасауы үшін және есіктің дұрыс ашылып/жабылуы үшін өте
маңызды.
• Электр ұяшығына қосыңыз, бірақ, тоңазытқышты тоққа кем дегенде 3 сағат бойы
қоспаңыз. Өнімнің ішіндегі тоңазытқыш зат тасымалданғаннан соң әрі орналастырылған
соң қалпына келуді қажет етеді, ол талапты орындамау құрылғының тоңазыту
жұмысына әсер етеді.
• Құрылғы әбден қалпына келген соң, оны тоқ көзіне қосыңыз, компрессор жұмыс жасай
бастайды. Басқару панелін табыңыз да, тоңазытқыштың температурасын 4°C және
мұздатқыштың температурасын -18°C деңгейге орнатыңыз. Есікті жабыңыз.
• Сіз тоңазытқыш заттың салқындату жүйесіне құрылғының артындағы ирек түтікшелер
арқылы айдалған кезінде, әлсіз бүлкілдеген немесе шұрылдаған дыбыстар естуіңіз
мүмкін.
Компрессор жұмыс істеп тұрғанда, сіз, сәл ызыңдаған немесе дірілдеген дыбыс естуіңіз
мүмкін. Термостат компрессордың жұмысын бақылап отырады, және сіз, ол бір айналып
шыққан/кірген кезде сәл сырт еткен дыбысты естуіңіз мүмкін (ол қалыпты жағдай).
• Қуат сақтау үшін, сіз, есік ашылу жиілігі мен ұзақтығын мейлінше азайтуыңыз қажет.
154

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Sxbhae 925Sxbhae 930

Table of Contents