Hotpoint Ariston SXBHAE 920 Instructions For Use Manual page 157

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 20
ҚОЛДАНЫС АҚПАРАТЫ
Басқару панелі
Дисплей
1. Мұздатқыш бөлімшесінің температурасы
2. Мұздатқыш бөлімшесінің температурасы
3. Демалыс белгісі
Түйме қызметі
A. Мұздатқыш бөлімшесінің температура реттеуі
B. Тоңазытқыш бөлімшесінің температура реттеуі
C. Режим функциясы/параметрі
D. Пәрмендерді бекіту/босату
Температураны орнату
Маңызды ескертпе: Дисплей түйме басылғанда немесе бөлімше есігі ашылғанда ғана
жанады, басқа кезде дисплей күту режимінде тұрады.
Маңызды ескертпе: Басқару панелі автоматты түрде бұғатталады. Температураны
реттегіңіз келсе немесе кез келген режимді таңдау үшін, дисплейдегі бұғаттау белгісі
жоғалғанша, бұғаттау түймесін 3 секунд бойы басып, панельді бұғаттан шығару қажет.
Ескертпе: Тоңазытқыш бөлімшесінің стандартты жұмыс істеу температурасы 0°C және
4°C аралығында, ал мұздатқыш бөлімшесінің стандартты жұмыс істеу температурасы
-18°C және -25°C аралығында болуы тиіс.
Ескертпе: Жаңадан салынған тағамдардың температурасы және есіктің ашылу жиілігі
тоңазытқыш бөлімшесіндегі температураға әсер етеді. Қажет болса, температура
параметрін өзгертіңіз.
Мұздатқыш бөлімшесінің температурасын реттеу
Мұздатқыш бөлімшесіндегі температураны өзгерту үшін, мұздатқыш температурасын
реттеу түймесін басыңыз. Мұздатқыш температурасын -16°C және -24°C аралығына
орнатуға болады.
Мұздатқыш температурасын реттеу түймесін, дисплейде қажетті температура
көрсетілгенше басыңыз. Температураны орнату барысында, дисплейдегі мұздатқыш
температурасы жыпықтайтынын ескеріңіз. Қажетті температура орнатылғаннан кейін,
мұздатқыш температурасы бірнеше секунд жыпықтап, дисплей автоматты түрде
бұғатталады және шамамен 30 секундтан кейін жоғалады.
4. Жылдам мұздату белгісі
5. Жылдам салқындату белгісі
6. Бекіту/босату белгісі
157

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Sxbhae 925Sxbhae 930

Table of Contents