Philips FC8715 Manual page 179

Hide thumbs Also See for FC8715:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Ескерту: Шаң контейнерін алғанда немесе қайта салғанда, қозғалтқыш желдеткішінің қалақтарын
зақымдап алмаңыз.
3 Шаң контейнерінің (1) қақпағын ақырын көтеріңіз және сүзгіні (2) шығарыңыз (сурет 36).
4 Шаң контейнерін босату үшін оны қоқыс шелегі үстінен сілкіңіз. Шаң контейнерінің ішін және сүзгіні
шүберекпен немесе қылдары жұмсақ тіс щеткасымен тазалаңыз. Сонымен қатар, шаң контейнерінің
(сурет 37) түбіндегі сору саңылауын тазалаңыз.
Абайлаңыз: Шаң контейнерін және суды сумен немесе ыдыс жуу машинасында тазаламаңыз.
5 Сүзгіні қайтадан шаң контейнеріне (1) салыңыз. Содан кейін шаң контейнерін (2) (сурет 38)
қақпақпен жабыңыз.
6 Шаң контейнерін шаң контейнері бөліміне қойыңыз және роботтың (сурет 39) үстіңгі қақпағын қайта
жабыңыз.
Абайлаңыз: Әрқашан шаң контейнерінің ішінде сүзгі бар екенін тексеріңіз. Егер роботты шаң
контейнерінің ішінде сүзгі болмай пайдалансаңыз, қозғалтқыш зақымдалуы мүмкін.
Робот тазалау
Жақсы тазалау өнімділігін сақтау үшін кейде құлау датчиктерін, дөңгелектерді және бүйірлік
щеткаларды және сору саңылауын тазалап тұру керек.
1 Роботты еден бетіне аударыңыз.
2 Құлау датчиктерінен (сурет 40) кірді немесе мамықты кетіру үшін қылдары жұмсақ щетканы
(мысалы, тіс щеткасын) пайдаланыңыз.
Ескерту: Құлау датчиктерін жүйелі түрде тазалау керек. Құлау датчиктері лас болса, робот биіктік
айырмашылықтарын немесе баспалдақтарды анықтамауы мүмкін.
3 Алдыңғы дөңгелектен және бүйірлік дөңгелектерден (сурет 41) кірді немесе мамықты кетіру үшін
қылдары жұмсақ щетканы (мысалы, тіс щеткасын) пайдаланыңыз.
4 Бүйірлік щеткаларды тазалау үшін щеткалардан ұстаңыз және біліктерден (сурет 42) тартып
алыңыз.
5 Мамықты, шашты және жіптерді біліктен және бүйірлік щеткадан жұмсақ щеткамен (мысалы, тіс
щеткасымен) немесе шүберекпен кетіріңіз (сурет 43).
6 Сору саңылауын жұмсақ щеткамен тазалаңыз (мысалы, тіс щеткасы) (сурет 44).
7 Бүйірлік щеткаларда және роботтың түбінде еденді зақымдауы мүмкін үшкір заттардың бар-жоғын
тексеріңіз.
Қосалқы құрылғыларға тапсырыс беру
Қосалқы құрылғылар немесе қосалқы бөлшектер сатып алу үшін, www.shop.philips.com/service
сайтына кіріңіз немесе Philips дилеріне барыңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі Philips тұтынушыларға
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік
парақшасынан қараңыз).
Ауыстыру
Сүзгіні ауыстыру
Егер өте ластанса немесе зақымдалса, сүзгіні ауыстырыңыз. Жаңа сүзгіге FC8065 тапсырыс нөмірі
бойынша тапсырыс беруге болады. Сүзгіні шаң контейнерінен алу және шаң контейнеріне салу туралы
нұсқауларды «Тазалау және күту» тарауындағы «Шаң контейнерін босату және тазалау» бөлімінен
қарауға болады.
Қазақша
179

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Fc8705Fc8710Fc8700

Table of Contents