Samsung EO-SG510 User Manual page 447

Scoop design
Hide thumbs Also See for EO-SG510:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Bluetooth динамигін пайдалану
Аудио кабелі арқылы жалғау
Bluetooth динамигін бір аудио кабель арқылы құрылғыға қосыңыз. Bluetooth динамигін бір
аудио кабель арқылы қосылып тұрса, тек дыбыс деңгейін реттеуге ғана болады.
1
Bluetooth динамигі
2
Басқа құрылғы
• Егер Bluetooth динамигі аудио кабельдің көмегімен құрылғыға және Bluetooth
арқылы басқа құрылғыға бір уақытта қосылған болса, Bluetooth динамигі
музыканы Bluetooth арқылы қосылған құрылғыдан ғана ойнатады.
• Аудио кабельдің ұяшығы Samsung мобильді құрылғылары үшін
оңтайландырылған. Bluetooth динамигін Samsung мобильді құрылғысынан басқа
құрылғыға қосқанда, ойнау кенет тоқтауы және дыбыс деңгейіне байланысты
жаңғырық туындауы мүмкін. Дыбыс деңгейін сәйкесінше реттеңіз.
Bluetooth функциясын пайдалану туралы ескертулер
Bluetooth — әр түрлі қашықтықтардағы әр түрлі құрылғыларға қосылу үшін 2,4 ГГц
жиілігін пайдаланатын сымсыз технология стандарты. Ол кабельдерді жалғаусыз мобильді
құрылғылар, компьютерлер, принтерлер және басқа сандық үй құрылғылары сияқты басқа
Bluetooth қолдайтын құрылғыларға қосыла және олармен деректер алмаса алады.
• Bluetooth динамигін басқа құрылғыға қосқанда мәселелерді болдырмау үшін
құрылғыларды бір-біріне жақын қойыңыз.
• Bluetooth динамигі мен екінші Bluetooth құрылғысы ең жоғары Bluetooth ауқымының
(10 м) ішінде екеніне көз жеткізіңіз. Қашықтық, құрылғылар пайдаланылатын қоршаған
ортаға байланысты өзгере алады.
• Bluetooth динамигі мен қосылған құрылғы арасында кедергілер, соның ішінде, адам
денелері, қабырғалар, бұрыштар немесе қоршамдар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
• Жалғанған құрылғының Bluetooth антеннасына тимеңіз.
• Bluetooth кейбір өндірістік, ғылыми, медициналық және төмен қуатты өнімдермен
бірдей жиілікті пайдаланады және осы өнімдер түрлерінің жанында қосылымдар
орнатқанда кедергілер орын алуы мүмкін.
• Кейбір құрылғылар, әсіресе Bluetooth SIG сынақтан өткізбеген немесе бекітпеген
құрылғылар Bluetooth динамигімен үйлесімді болмауы мүмкін.
• Bluetooth мүмкіндігін заңсыз мақсаттарда пайдаланбаңыз (мысалы, файлдардың
пираттық көшірмелерін жасау немесе коммерциялық мақсаттарда хабарларды заңсыз
түрде алу).
Аудио кабельді аудио кабельдің ұяшығына қосыңыз.
Аудио кабельдің екінші соңын Аудио ұяшығына қосыңыз.
Қазақ тілі
9
9

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents