Philips FC9160 User Manual page 56

Hide thumbs Also See for FC9160:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
56
ҚазаҚша
1
Жоғарыдағы «Бір рет қана қолданылатын шаң дорбасын алмастыру» бөлімінде
суреттелген жолмен қайта қолданылатын шаң дорбасын құрылғыдан және ұстағыштан
шығарыңыз.
2
Шаң дорбасының екі жағындағы сырғымасын сырғытыңыз.
3
Ішіндегі қоқысты қоқыс шелегіне сілкіп түсіріңіз.
4
Шаң дорбасын жабу үшін, сырғыманы шаң дорбасының астыңғы жиегіне дейін қайтадан
сырғытыңыз.
5
Жоғарыдағы «Бір рет қана қолданылатын шаң дорбасын алмастыру» бөлімінде
суреттелген жолмен қайта қолдануға болатын шаң дорбасын ұстағышына және
құрылғыға салыңыз.
Техникалық қызмет көрсету
Сүзгілерді тазалар немесе алмастырар алдында құрылғыны әрдайым қуат көзінен
ажыратыңыз.
Ескертпе. Құрылғының негізін тек қана дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Моторды қорғауға арналған тұрақты фильтр
Өнімділігін жақсарту үшін, шаң дорбасын алмастырған немесе босатқан сайын тұрақты мотор
қорғауыш сүзгісін тазалаңыз.
1
Шаң дорбасы ұстағышын дорбамен бірге шығарып алыңыз (Cурет 33).
2
Сүзгі ұстағышын босату түймесін басыңыз (1), содан соң сүзгі ұстағышын құрылғыдан
шығарыңыз (2). Мотор қорғауыш сүзгісін сүзгі ұстағышынан шығарыңыз. (Cурет 36)
3
Сүзгіні тазалау үшін, оны қоқыс шелегі үстінен сілкіңіз.
4
Таза сүзгіні қайтадан сүзгі ұстағышына салыңыз. Сүзгі ұстағышының екі құлағын жоғары
жағында дұрыстап бекітілгендігін қамтамасыз ету үшін, төмендегі жиектерін артына
бекітіңіз (1). Содан соң сүзгі ұстағышын орнына түскенше итеріңіз («сырт» ете түседі)
(2) (Cурет 37).
5
Шаң дорбасы салынған ұстағышты қайтадан құрылғыға салыңыз.
HEPA 13 фильтірі
HEPA 13 сүзгісі ауа шығатын жерден 0,0003 мм мөлшерлі бөлшектердің 99,95% ұстап қалады.
Ол тек қана үй ішіндегі қоқыс бөлшектерін ғана емес, сонымен қатар белгілі дем алу
аллергияларының себебі болып келетін шаң кенелері мен олардың нәжістері тәрізді зиянды
микроскопты паразиттерді ұстап қалады.
Ескертпе. HEPA сүзгісін әрқашан дұрыс Philips фирмалық сүзгісімен әр екі жыл сайын ауыстырып
тұру шаңдарды жақсы ұстап қалу мен шаңсорғыштың жақсы жұмысын қамтамасыз
етеді («Қосалқы құралдарға тапсырыс беру» бөлімін қараңыз). Ескі сүзгіні қалыпты тұрмыстық
қалдықтарға тастауға болады.
HEPA 13 сүзгісін ауыстыру
1
Сүзгі торын ашыңыз (Cурет 38).
2
Жууға болатын HEPA 13 сүзгісін алыңыз (Cурет 39).
3
Фильтрді қайтадан құралға салыңыз (Cурет 40).
4
Сүзгі торын жауып, төменгі бұрыштарын сырт етіп түскенше итеріңіз (Cурет 41).

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Fc9176

Table of Contents