Kärcher SC 3 Quick Reference page 171

Hide thumbs Also See for SC 3:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 11
Нүктелі ағын шүмегі
Тазалау сапасы нүктелі ағын шүмегінің кірленген
жерге жақындығына тəуелді жоғарылайды, себебі
температура мен қысым шүмегінің шыға берісінде
ең жоғары болып табылады. Қол жетуге қиын
жерлерді, фугаларды, арматураларды,
суағарларды, шұңғылшаларды, дəретханаларды,
жалюзилерді жəне жылыту батареяларын тазалауға
əсіресе тиімді болып табылады. Əктің қатып қалған
жерлерін бумен тазалаудың алдында сірке суымен
немесе лимон қышқылымен сулап, сірке суы 5 минут
ішінде əсер ету үшін тосып, содан кейін бумен
тазалап, кетіруге болады.
Дөңгелек қылшақ (кішкентай)
Цилиндрлік қылшақты қосымша ретінде нүктелі
ағын шүмегіне орнатуға болады. Қылшақпен
тазалаудың арқасында, тұрып қалған кірлерді
оңайырақ кетіруге болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тез ақауланатын беттерді тазалауға келмейді.
Сурет
 Цилиндрлік қылшақты шүмегіне орнатыңыз.
Қуат шүмегі
Қуат шүмегін қосымша ретінде нүктелі ағын
шүмегіне орнатуға болады.
Қуат шүмегі бу ағынының жылдамдығын арттырады.
Сондықтан ол аса қатты ластануды тазалау,
бұрыштарды, саңылауларды жəне т.б. үрлеп
тазарту үшін жарамды.
Сурет
 Қуат шүмегін дөңгелек қылшаққа сəйкес нүктелі
ағын шүмегіне бекітіңіз.
Дөңгелек қылшақ (үлкен)
Дөңгелек қылшақты қосымша ретінде нүктелі ағын
шүмегіне орнатуға болады. Осы үлкен дөңгелек
қылшақпен дөңгелек беттерді (мысалы душ
поддоны, ванна, шұңғылша) тазалау ыңғайлы.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тез ақауланатын беттерді тазалауға келмейді.
Сурет
 Цилиндрлік қылшақты шүмегіне орнатыңыз.
Қол шүмегі
Сурет
 Қол шүмегін бу пистолетіне орнатыңыз.
Қол шүмегінің үстіндегі қаптаманы тартыңыз.
Əсіресе үлкен емес, жууға болатын беттер үшін
жақсы келеді, мысалы, душ кабиналары жəне
айналар үшін.
Еден жууға арналған шүмегі
Жууға болатын барлық қабырға немесе еденді
төсемдер үшін жақсы келеді, мысалы тас едендер,
кафель плиталары жəне ПВХ жасалған еден
төсемдері үшін. Өте кірленген беттерде бу ұзағырақ
əсер ету мақсатында баяу жұмыс істеңіз.
Нұсқау
Егер тазаланатын төсем үстінде жуғыш заттың
немесе полирлейтін эмульсиялардың қалдықтары
қалса, онда бумен тазалау кезінде, еденде
сызықтар пайда болуы мүмкін, олар əдетте бумен
тазалауды бірнеше рет қолданғаннан кейін
жойылады.
Сурет
 Еден шүберекті еден жууға арналған шүмегіне
бекітіңіз.
1
Еден жууға арналған шүберекті еден тазалау
шүмегіне кигізіңіз.
Қолданылатын мақсатына байланысты еден
жууға арналған шүберекті өн бойына бүктеңіз.
2
Қысқыштарды ашыңыз.
3
Шүберек шеттерін саңылауларға салып,
тығыздап тартыңыз.
4
Қысқыштарды жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Саусақтарыңыздың қысқыш арасына түсіп
қалмауын қадағалаңыз.
Еден жууға арналған шүмегін парк позициясына
қойыңыз.
Сурет
 Жұмысты тоқтатқан кезде, еден жууға арналған
шүмегін парк ұстауышына іліңіз.
Күту мен техникалық тексеру
Су резервуарын босату
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Егер бұйым ұзақ уақыт бойы (шамамен 2 ай)
пайдаланылмаса, су резервуарын босату қажет.
Осылайша судың бұзылуы болдырылмайды.
 Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
 Керек-жарақтарды қалтадан алыңыз.
 Картриджді бұйымнан алыңыз.
Сурет
 Су резервуарындағы судың барлығын
толығымен төгіп тастаңыз.
Қақты кетіруге арналған картриджді
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Картриджді ауыстыру аралығын (бақылау шамы
бойынша) сақтау қажет, əйтпесе бұйымды
пайдалану мерзімі қысқарады.
Картриджді көрсетілген аралықта ауыстырмаса,
бұйымға түзетілмес зақым келуі мүмкін.
Нұсқау
Картриджді ауыстыру кезеңдері сіз орналасқан
жердегі су кермектілігіне байланысты болып
табылады. Картриджді ауыстыру аралығы суы
жұмсақ аймақтарға қарағанда (мысалы І/ІІ), суы
кермек аймақтарда (мысалы III/IV) жоғары
болады.
Пайдалану мерзімінің аяқталуындағы бақылау
шамының көрсеткіші
Келесі "Картриджді ауыстыру" бақылау шамы
жанған жағдайда картриджді ауыстыру қажет:
Соңғы пайдалану мерзімінің аяқталуына екі сағат
қалғанға дейін картриджді ауыстыру қажеттілігі
шамның жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
Пайдалану мерзімі аяқталуына бір сағат қалғанға
дейін индикатор жылдам жыпылықтайды.
Картриджді пайдалану мерзімі толығымен
аяқталған кезде, "Картриджді ауыстыру"
бақылау шамы үздіксіз жанады жəне бұйым
зақымдалуды болдырмау үшін автоматты түрде
өшеді.
– 9
KK
жұмыстары
ауыстыру
171

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Sc 3 premium

Table of Contents