Bosch GSR Mx2Drive Professional Original Instructions Manual page 173

Hide thumbs Also See for GSR Mx2Drive Professional:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
OBJ_DOKU-27521-003.fm Page 173 Thursday, April 28, 2016 10:09 AM
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш
жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы
нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын
әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда
пайдалану қауіпті.
Аккумуляторды пайдалану және күту
 Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен
зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны
басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
 Электр құралдарына арналған аккумуляторларды ғана пайдаланыңыз. Басқа
аккумуляторларды пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
 Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және
басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы
қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
 Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған
тимеңіз. Кездейсоқ тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе,
медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі
немесе күйдіруі мүмкін.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен
жөндетіңіз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Дрельдердің және шуруп бұрауыштардың қауіпсіздік
техникасы туралы нұсқаулары
 Жұмыс істеген кезде құралды изоляцияланған тұтқаларынан ұстаңыз, өйткені
кесетін құрал немесе винт жасырын сымдарға тиіп кетуі мүмкін. Тоқ өтетін
сымға тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
 Электр құралмен бірге жіберілген қосымша тұтқаларды ұстаңыз. Бақылауды
жоғалту зақымдарға алып келуі мүмкін.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған қорек сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қорек үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып
келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
 Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Кері соққыға әкелетін жоғары
реакция сәттеріне дайын болыңыз. Жұмыс құралы келесі жағдайларда тұтығады:
– электр құралына шамадан тыс жүктеме түскенде немесе
– өңделіп жатқан бөлшек қисайса.
 Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап бекіту және бұрап босату
кезінде қысқаша жоғары мезеттер пайда болуы мүмкін.
Bosch Power Tools
Қaзақша | 173
Қaзақша | 173
1 609 92A 296 | (28.4.16)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents