10
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
3D кескіндерді көру (тек 3D модельдер)
АБАЙЛАҢЫЗ
Көру ортасы
y Көру уақыты
- 3D мазмұнды көргенде, сағат сайын 5 - 15 минуттық үзілістер жасаңыз. 3D мазмұнды ұзақ уақыт
бойы көру бастың ауыруын, бас айналуын, қалжырауды немесе көзге жүктеме түсуін тудыруы мүмкін.
Фотосезгіштік ұстамасы немесе созылмалы ауруы бар адамдар
y 3D мазмұндағы жыпықтайтын жарықты көргенде, кейбір пайдаланушыларда ұстама немесе әдеттен тыс
белгілер болуы мүмкін.
y Құсқыңыз келсе, жүкті болсаңыз және/немесе эпилепсия, жүрек ауруы немесе қан тамыр ауруы, т.б.
сияқты созылмалы ауруыңыз болса, 3D бейнелерді көрмеңіз.
y 3D мазмұндар стерео соқырлыққа немесе стерео аномалиясына шалдыққан адамдарға ұсынылмайды.
Қос кескіндерді көру немесе көруде ыңғайсыздық пайда болуы мүмкін.
y Егер сізде страбизм (қылилық), амблиопия (нашар көру) немесе астигматизм босла, тереңдікті сезуде
мәселеңіз болуы мүмкін және қос кескіндерге байланысты қалжырауды сезуіңіз мүмкін. Орташа
үлкендермен салыстырғанда жиірек үзілістер жасау ұсынылады.
y Егер көру қабілетіңіз оң және сол көзіңізде әр түрлі болса, 3D мазмұнды көру алдында көру қабілетіңізді
тексертіңіз.
3D мазмұнды көруді тоқтатуды немесе одан ұстануды қажет ететін белгілер
y 3D мазмұнды ұйықтамаудан, тым көп жұмыс істегеннен немесе ішкеннен қалжырауды сезінгенде
көрмеңіз.
y Осы белгілерді сезгенде, 3D мазмұнды пайдалануды/көруді тоқтатыңыз және белгі кеткенше жеткілікті
демалыңыз.
- Бұл белгілер кетпесе, дәрігерге қаралыңыз. Белгілер бас ауыруын, көздің алмасының ауыруын,
бас айналуды, жүрек айнуын, тез жүрек соғуын, бұлдырауды, ыңғайсыздықты, қос кескінді, көру
ыңғайсыздығын немесе қалжырауды қамтиды.