Орнату рəсімі
6. Плазмалық дисплейді қабырға
кронштейніне орнатып, басқа
құрамдастарға жалғау
Қызылмен белгіленген болт бекітетін/босататын
бұрандаларды (біреуі – сол жақта, екіншісі – оң жақта) оң
жақтан жəне сол жақтан алып тастаңыз.
Плазмалық дисплейдің жоғарғы жағындағы оқшаулағыш
төсемдерді қабырға кронштейнінің жоғарғы жағындағы
ойыққа кіргізіңіз де, плазмалық дисплейді төмендетіңіз.
Плазмалық дисплейді оң жақтағы суретте көрсетілгендей
өзіңізге тартыңыз да, электр шнурына жəне басқа
құрамдастардың кабельдеріне жалғаңыз.
Жалғауды аяқтағаннан кейін плазмалық дисплейді кішкене
көтеріп, оқшаулағыш төсемдерді төмендегі қабырға
кронштейнінің астыңғы жағындағы тесіктерге тығыңыз.
Енді плазмалық дисплейді төмендетіңіз.
ЕСКЕРТУ
• Егер плазмалық дисплей тым көп көтерілсе, оның жоғарғы жағы
қабырғаға ілетін кронштейннен шықпай қалады.
7. Плазмалық дисплейді бекіту
Қосымша бекітетін құрылғының бұрандаларын (2)
плазмалық теледидарды бекіту үшін пайдаланылатын
қабырға кронштейнінің жандарындағы (сол жəне оң жақ)
бекітетін құрылғының бұрандаларын бекітетін тесіктерге
орнатыңыз.
Алынған қызылмен белгіленген болтты бекітетін/
босататын бұрандаларды (біреуін – сол жақта,
екіншісін – оң жақта) қабырға кронштейнінің жақтарына
қызылмен белгіленген болтты бекітетін/босататын
бұрандалардың орнату тесіктеріне мықтап бекітіңіз.
(Тартудың бұрау моменті: 1,2-1,5 Н•м)
Ескертпе
• Плазмалық дисплей қабырға кронштейнінен ажырап кетпеу
үшін, бекітетін құрылғы бұрандалары сол жəне оң жақтан
негіздермен бірдей мықтап тартып бұралуы керек.
Плазмалық дисплейді қабырға
кронштейнінен алу
Қабырға кронштейнінің жақтарында орнатылған бекітетін
құрылғы бұрандаларын (біреуін – сол жақта, екіншісін – оң
жақта) шығарып тастаңыз.
Электр шнуры мен плазмалық дисплейді басқа құрылғыларға
жалғайтын сымдарды ажыратыңыз.
Плазмалық дисплейдің астыңғы жағын көтергенде, плазмалық
дисплейді өзіңізге қарай тартыңыз.
Төменгі аралық қабаттар алынып болған соң, плазмалық
дисплейді тағы көтеріп, оны шешіп алыңыз.
Ескертпе
• Плазмалық дисплейді шешіп алу үшін шамамен 4 см көтеру керек.
60
Жоғарғы изоляциялы арақабат
Қызылмен белгіленген болтты
бекітетін/босататын бұранда
Астыңғы жағындағы тесік
Жоғарғы
жағындағы
ойық
Төменгі изоляциялық
арақабат
Қызылмен белгіленген болтты бекітетін/
босататын бұранда
Бекітетін құрылғының
бұрандасы
Бекітетін құрылғы
бұрандаларын орнатуға
арналған тесік
Қызылмен белгіленген
болтты бекітетін/босататын
бұрандаға арналған орнату
тесігі
Қабырғаға бекітетін
кронштейні
Бекітетін құрылғының бұрандасы
Төменгі изоляциялық
арақабат