Суды Толтыру; Ылғалдандырғышты Тазарту; Ылғалдандырғыштың Корпусын Тазарту; Су Ыдысын Тазарту - Philips HU4803 User Manual

Hide thumbs Also See for HU4803:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 3
Суды толтыру
Су деңгейін су ыдысындағы мөлдір терезе
арқылы бақылап отыруға болады.
1
Ылғалдандырғышты өшіріп, қуат көзінен
ажыратыңыз.
2
Жоғарғы бөлікті екі жағынан ұстап алып
тастаңыз (b суреті).
3
Су ыдысын ең жоғары деңгей белгісіне
дейін салқын сумен толтырыңыз (c
суреті).
Есте сақтаңыз
Су ыдысын толтырған кезде ең жоғары
деңгей белгісінен асуға болмайды, әйтпесе
шығару жолы мен ауа кіру жолдарына су
төгіліп кетуі мүмкін.
Жылжытқан кезде су ыдысын шайқамаңыз,
әйтпесе шығару жолы мен ауа кірістерінен су
ағуы мүмкін.
Ылғалдандырғыштың жоғарғы жағындағы ауа
шығару жолдары арқылы су толтырмаңыз.
4
Жоғарғы бөлікті су ыдысына қайта
қойыңыз.
KK
22
5
Ылғалдандырғышты
тазарту
Есте сақтаңыз
Тазарту алдында ылғалдандырғышты міндетті
түрде розеткадан ажырату керек.
Су ыдысындағы суды шығару жолы мен ауа
кіру жолдарына қарама-қарсы жақтан төгу
керек.
Ылғалдандырғыштың кез келген бөлігін
тазалау үшін ағартқыш немесе алкоголь
сияқты абразивті, агрессивті немесе тұтанғыш
тазалағыш заттарды ешқашан пайдаланбаңыз.
Ылғалдандырғыштың
корпусын тазарту
Шаңның жиналуын болдырмау үшін
ылғалдандырғыштың ішін және сыртын
жүйелі түрде тазалаңыз.
1
Ылғалдандырғыш корпусының шаңын
жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіп
алыңыз.
2
Ауа кірісін және шығысын құрғақ, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Су ыдысын тазарту
Таза ұстау үшін, су ыдысын апта сайын
тазалаңыз.
1
Ылғалдандыру сүзгісі мен сүзгі тірегін
шығарып алыңыз.
2
Су ыдысының 1/3 бөлігін сумен
толтырыңыз.
3
Су ыдысындағы суға жұмсақ тазартқыш
сұйықтық қосыңыз.
4
Су ыдысының ішкі бөлігін жұмсақ әрі
таза шүберекпен тазартыңыз.
5
Су ыдысындағы суды раковинаға төгіңіз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents