Ылғалдандырғышты Пайдалану; Ылғалдылық Көрсеткішінің Мағынасы; Таза Ауаны Сақтау Сигналы Мен Құлпы; Ылғалдандырғышты Қосу Және Өшіру - Philips HU4803 User Manual

Hide thumbs Also See for HU4803:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 3
4 Ылғалдандырғышты
пайдалану
Ылғалдылық көрсеткішінің
мағынасы
Ылғалдандырғыш бекітілген ылғалдылық
сенсорымен жабдықталған. Мақсатты
салыстырмалы ылғалдылық деңгейін 40%, 50%
және 60% мәніне орнатуға болады. Сары
түсті салыстырмалы ылғалдылық деңгейі
басқару панелінің ортасында 20% және 95%
аралығындағы мәнді көрсетеді.
Есте сақтаңыз
Ылғалдылықтың ең ыңғайлы деңгейі: 40%-60%
аралығында.
Ылғалдылық көрсеткішінің дәлдігі шамамен
±10%.
Бөлме ішіндегі ылғалдылық деңгейін өлшеуге
біраз уақыт кетеді.
Таза ауаны сақтау сигналы мен
құлпы
Таза ауаны сақтау сигналы су ыдысын
толтыру қажет болған жағдайда уақтылы
белгі береді. Су ыдысындағы су деңгейі
төмендесе, басқару панеліндегі қызыл түсті
көрсеткіші ыдысты толтыру керек екені
туралы белгі беру үшін жыпылықтайды. (e
суреті). Ол 30 минут бойы жыпылықтап
тұрады. Осыдан кейін, ыдыс сумен
толтырылғанша көрсеткіш жанып тұрады.
Таза ауаны сақтау құлпы ылғалдандырғыштың
сусыз жұмыс істемеуін қадағалайды. Су
ыдысы босаған соң 30 минуттан кейін таза
ауаны сақтау құлпы ылғалдандырғышты
өшіріп, қызыл түсті көрсеткішті іске қосады.
Су ыдысы тиісінше толтырылған соң
ылғалдандырғыш қайта іске қосылады.
Есте сақтаңыз
Ұйқы режимде қызыл түсті көрсеткіш
жыпылықтамайды, ол су деңгейі төмендеген
кезде жанады.
Ылғалдандырғышты қосу
және өшіру
1
Ылғалдандырғыштың ашасын қабырға
розеткасына жалғаңыз.
2
Ылғалдандырғышты қосу үшін, қуат
түймесін
басыңыз. (f суреті).
» Ағымдағы ылғалдылық деңгейі мен
желдеткіш жылдамдығы экранда
көрсетіледі.
3
Ылғалдандырғышты өшіру үшін, қуат
түймесін басыңыз.
Есте сақтаңыз
Су ыдысындағы су деңгейі өте төмен болса,
ылғалдандырғыш жұмысы тоқтатылады. Қызыл
түсті
көрсеткіші алдымен жыпылықтап,
кейіннен жанып тұрады.
Ылғалдандырғыш өте таза, көзге көрінбейтін
бу шығарады, сондықтан да будың көзге
көрінбеуі қалыпты жағдай болып табылады.
KK
19

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents