Philips GC6600 series User Manual page 37

Hide thumbs Also See for GC6600 series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Пайдалануға ұсынылатын су: дистильденген немесе минералсызданған су.
Құрылғы құбыр суын қолданатын етіп жасалған. Егер кермек су аймағында тұрсаңыз, қақ жылдам
пайда болуы мүмкін. Сондықтан, құрылғының қызмет көрсету мерзімін ұзарту үшін
дистильденген немесе минералсызданған суды пайдалану ұсынылады.
Иістендірілген суды, киім құрғатқыштан алынған суды, сірке суын, магнитпен өңделген суды
(мысалы, Aqua+), крахмалды, қақ түсіру заттарын, үтіктеуді жеңілдететін сұйықтықты,
химиялық қақтан тазартылған суды немесе басқа химикаттарды пайдаланбаңыз, себебі бұдан
су шашырауы, қоңыр дақтар қалуы немесе құрылғы зақымдалуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ - тазалау және техникалық қызмет көрсету
Зерделі Calc-clean жүйесі
Құрылғыда жиі қақты кетіріп, тазалауды қамтамасыз ететін зерделі қақ тазалау жүйесі бар. Бұл
буды қаттырақ шығаруға және уақыт өте келе үтік табанынан кір мен дақтардың ақпауына
көмектеседі. Тазалау процесінің орындалғанына сенімді болу үшін, бу генераторы әдетте еске
салып отырады. Бұдан басқа бу генераторында қақ жиналмауы үшін екінші қорғау әрекеті
біріктірілген: ескерту болғаннан кейін, 1 сағат бу шығарып үтіктеген соң қақты кетіру
орындалмаса, бу шығару функциясы ажыратылады. Қақ тазарту орындалғаннан кейін бу шығару
функциясы қалпына келтіріледі. Бұл қолданылған су түріне қарамастан орындалады.
Дыбыспен және шаммен қақ тазалау еске салғышы
-
1 - 3 ай пайдаланудан кейін қақ тазалау шамы жыпылықтай бастайды және құрылғы қақ
тазалау процесін орындау қажет екенін көрсету үшін дыбыстық сигнал шығара
бастайды (Cурет 4).
-
Қақ тазалау шамы жыпылықтап және құрылғы дыбыстық сигнал шығарып жатқанда бумен
үтіктеуді 1 сағат бойы жалғастыруға болады, бу функциясы автоматты түрде өшіріледі.
Бумен үтіктеуді жалғастыру үшін қақ тазалау процесін орындау керек. (Cурет 5)
Кеңес Бу қосқышын баспай құрғақ үтіктеуді жалғастыруға болады.
Зерделі қақ тазалау ыдысының көмегімен қақ тазалау процесін орындау
Қақ тазалау процесі кезінде құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.
1
Су ыдысын жартылай толтырыңыз (Cурет 6).
2
Қақ тазалау процесі кезінде құрылғы тоққа қосылып тұрғанын және ҚОСУ күйінде
екенін тексеріңіз (Cурет 7).
3
Температура дискін CALC CLEAN (ҚАҚ ТАЗАЛАУ) күйіне бұраңыз (Cурет 8).
4
Зерделі қақ тазалау ыдысын үтіктеу тақтасына немесе тегіс, тұрақты жерге
қойыңыз (Cурет 9).
5
Үтікті зерделі қақ тазалау ыдысына қозғалмайтын етіп қойыңыз.
6
Қысқа дыбыстық сигналдарды естігенше қақ тазалау түймесін 2 секунд басып
тұрыңыз (Cурет 10).
ҚАЗАҚША
37

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents