Bosch PPS 7S Original Instructions Manual page 277

Pull push saw
Hide thumbs Also See for PPS 7S:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 29
OBJ_BUCH-1259-004.book Page 277 Thursday, November 6, 2014 10:45 AM
– Дайындаманың белгісін лазер сәулесі бойы
бағыттаңыз. („Кесік сызығын белгілеу" 274 бетінде
қараңыз)
– Ара дискісін қос иін 18 арқылы жоғарғы ара тістері
дайындама жоғарғы бетінен шамамен 5 мм жоғарыда
тұратын етіп көтеріңіз немесе түсіріңіз.
– Қорғақыш қалпақты дайындама биіктігіне сай
орнатыңыз.
Қорғағыш қалпақ аралауда әрдайым дайындамада бос
жатуы керек.
– Электр құралын қосыңыз.
– Дайындаманы бір қалыпты жылжытып аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп аралау дискісі толық
тоқтағаныша күте тұрыңыз.
Сақтау мен тасымалдау
Электр құралды сақтау
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
(„Тасымалдау күйі" 273-бетте қараңыз)
– Жылжыту таяғын 12 тиісті жылжыту таяғы қорабына 11
жылжытыңыз.
– Пайдаланылмаған аралау дискілерін тасымалдау үшін
жабық контейнерлерге салыңыз.
– Желілік кабелін кабель ұстағышына ораңыз 29.
Электр құралды тасу
 Бел жарақаттануын алдын алу үшін электр құралын
әрдайым екі кісі болып тасымалдаңыз.
 Электр құралды тасымалдауда тек тасымалдау
аспаптарын пайдаланыңыз, ал қорғағыш
аспаптарды, үстел ұзартқышын 27 немесе үстел
кеңейтпесін бағыттауыштарды 8 ешқашан
пайдаланбаңыз.
– Көтеру мен тасымалдау үшін ұстау ойықтарынан 6
ұстаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тазалау
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Әрбір жұмыс басқышынан соң сығымдалған ауамен үрлеу
немесе қылшақ көмегімен шаңды және жоңқаларды
кетіріңіз.
Шу төмендетуге арналған шаралар
Өндіруші шаралары:
– Бір қалыпты жұмыс бастау
– Шу төмендетуге арналып құрастырылған ара
дискісімен жеткізу
Пайдаланушы орындайтын шаралар:
– Тұрақты жұмыс аймағында дірілдеусіз орнату
– Шу төмендету функциялары бар ара дискілерін
пайдалану
– Ара дискісі мен электр құралды жүйелік түрде тазалау
Bosch Power Tools
Керек-жарақтар
Аралау дискісі 190 x 30 мм, 36 тістер
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Кәдеге жарату
Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны
қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.
Электр құрлдарды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар
бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі
және оның ұлттық заңдарда орындалуы
бойынша басқа пайдаланып болмайтын
электр құралдар бөлек жиналып кәдеге
жаратылуы қажет.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
Қaзақша | 277
Өнім нөмірі
2 608 640 616
1 609 92A 0VR | (6.11.14)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents