Bosch GKS 18 V-LI Professional Original Instructions Manual page 158

Hide thumbs Also See for GKS 18 V-LI Professional:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
OBJ_BUCH-755-005.book Page 158 Tuesday, February 3, 2015 11:32 AM
158 | Қaзақша
Фрезерлік-кесу станогымен жұмыс кезіндегі
қауіпсіздік
Аралау
 ҚАУІПТІ: қолдармен аралау аймағын және аралау
дискісіне тимеңіз. Екінші қолмен қосымша
тұтқаларды немесе қозғалтқыш корпусын ұстаңыз.
Араны екі қолмен ұстасаңыз, қолдарыңыз
жарақатталмайды.
 Дайындама астына тимеңіз. Өңделіп жатқан бөлшек
астындағы қорғағыш қақпақ аралау дискісінен
қорғамайды.
 Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
 Аралап жатқан бөлшекті ешқашан қолда немесе аяқ
астында бекітпеңіз. Өңделетін бөлшекті тұрақты
негізге бекітіңіз. Дененің тию, сыналану немесе
бақылауды жоғалту қаупін барынша азайту үшін
бөлшекті жақсы бекіту өте маңызды.
 Алмалы-салмалы аспаптың жасырын тоқ сымына
тиюі ықтимал жұмыстарды орындауда электр
құралын тек оқшауландырылған тұтқасынан ғана
ұстаңыз. Кернеуі бар сымға тигенде қуатпен жұмыс
істейтін құралдың металл бөліктерінде де кернеу
болады, бұл ток соғуына әкеледі.
 Бойлай кесу кезінде әрқашан шектегішті немесе тік
бағыттағышты пайдаланыңыз. Бұл кесу дәлдігін
жақсартады және аралау дискісінің тұрып қалу қаупін
азайтады.
 Әрқашан дұрыс өлшемдері және сәйкес орнату
тесіктері бар аралау дискілерін пайдаланыңыз
(мысалы, ромб түріндегі немесе дөңгелек). Араның
орнату бөлшектеріне сәйкес келмейтін аралау
дискілері эксцентрлі жұмыс істейді, бұл бақылауды
жоғалтуға әкеледі.
 Ешқашан зақымдалған немесе дұрыс емес аралық
шайбаларды немесе болттарды пайдаланбаңыз.
Аралық шайбалар және болттар оңтайлы өнімділік және
сенімділік үшін араңыз үшін арнайы жасалған.
 Кері соққы – Себептер және сәйкес қауіпсіздік
техникасы
– кері соққы бұл сыналанудың немесе дұрыс емес
орнатылған дискінің нәтижесінде пайда болатын кенет
реакция. Бұл бақыланбайтын араның көтеріліп, жұмыс
бөлшегінен операторға қарай қозғалуына әкеледі;
– қосылған аралау дискі тұрып қалса, сыналанса
немесе бұғатталса, мотордың күші араны операторға
қарай итереді;
– егер жүз араланған жерде айналып кетсе немесе
дұрыс емес орнатылса, артқы жиектің тістері
дайындаманың бетінде тұрып қалуы, нәтижесінде
аралау дискісі араланған жерден ығысуы және
оператор бағытында ыршуы мүмкін.
1 609 92A 14R | (3.2.15)
Кері соққы араны дұрыс емес немесе қате
пайдаланудың нәтижесі болып табылады. Мұны
төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын
қолдану арқылы болдырмауға болады.
 Араны екі қолмен ұстаңыз және қолдарды кері
күшті соққыларды қабылдай алатындай күйде
ұстаңыз. Әрқашан аралау дискісінен ары тұрыңыз,
аралау дискісін ешқашан денемен бір деңгейде
орнатпау керек. Кері соққы тіпті оператор тиісті сақтық
шараларын қолданса да, кері соққы кезінде араның
ыршуына әкелуі мүмкін.
 Аралау дискісі сыналанса немесе жұмыс істемей
қалса, араны өшіріңіз және оны жұмыс
материалында аралау дискісі тоқтағанша ұстаңыз.
Ешқашан жүз әлі қозғалып жатқанда араны
дайындамадан шығаруға немесе суыруға
тырыспаңыз, әйтпесе кері соққы орын алуы
мүмкін. Аралау дискісінің сыналануының себебін
анықтаңыз және жойыңыз.
 Егер ара бөлшекте болса, барлығын қайтадан
бастау керек, жұмысты жалғастырғыңыз келсе,
аралау дискісін араланған жерде ортаға келтіресіз
және араның тістері дайындамаға тимей тұрғаныне
көз жеткізесіз. Аралау дискісі сыналанғанда, араны
қайтадан іске қосса, аралау дискісі дайындамадан
шығып кетіп, кері соққыға әкелуі мүмкін.
 Аралау дискісінің сыналану және кері соққы қаупін
барынша азайту үшін үлкен тақталарды тіреңіз.
Үлкен тақталар әдетте өз салмағынан майысады.
Тақталарды екі жағынан, аралайтын жердің жанында,
сондай-ақ, жиектерінен тіреу керек.
 Өтпес немесе зақымдалған аралау дискілерін
пайдаланбаңыз. Аралау дискілері немесе ауытқыған
тістер енсіз кесуге, артық үйкеліске, тұрып қалуға және
кері соққыға әкелуі мүмкін.
 Аралауды бастамай тұрып аралаудың тереңдігін
және бұрышын реттеу құралдарын берік
бекемдеңіз. Егер аралау кезінде орнатым өзгерсе,
аралау дискісі сыналануы және кері соққы орын алуы
мүмкін.
 Қабырғаларда немесе басқа көрінбейтін жерлерде
аралау кезінде әсіресе ұқыпты болыңыз. Шығып
тұрған аралау дискісі көрінбейтін жерлерді аралау
кезінде бұғатталып, бұл кері соққыға әкелуі мүмкін.
Төменгі қорғағыш қаптама функциясы
 Әр пайдалану алдында қатесіз жабылғанын
тексеріңіз. Төменгі қорғағыш қаптаманың
қозғалысы тоқтаса немесе бірден жабылмаса,
араны пайдаланбаңыз. Ашық күйде қорғағыш
қаптаманы сыналамаңыз немесе байламаңыз. Ара
кездейсоқ еденге құласа, қорғағыш қаптама майысуы
мүмкін. Қорғағыш қаптаманы иінтірекпен ашыңыз кез
келген аралау бұрышында және кез келген аралау
тереңдігінде оның аралау дискісіне және басқа
бөліктерге тимей еркін қозғалатынына көз жеткізіңіз.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents