Қазақша - Bosch GRL 250 HV Original Instructions Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 19
OBJ_BUCH-757-008.book Page 220 Monday, March 24, 2014 11:19 AM
220 | Қaзақша
Қaзақша
Сертификат мәліметтерін ораманың
тіркеме парағында табасыз.
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде
көрсетілген.
Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен
бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен
істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді
пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада)
пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
1 609 92A 0D9 | (24.3.14)
Қауіпсіздік нұсқаулары
Ротациялық лазер
Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді
жұмыс істеу үшін барлық
құсқаулықтарды оқып орындау керек.
Өлшеу құралындағы ескертулерді
көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ
НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН
БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ.
 Абай болыңыз – егер осы жерде берілген
пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа
құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері
орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі
мүмкін.
 Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі
ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер
сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ ол
лазер сәулесінен қорғамайды.
 Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер
көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық
қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
 Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал
қауіпсіздігін сақтайсыз.
 Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған
жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын
пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып,
шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
 Аккумулятор жинағын ашпаңыз. Қысқа тұйықталу
қаупі бар.
Мысалы, аккумулятор жинағын жылудан,
сондай-ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі
бар.
 Пайдаланылмайтын аккумулятор жинағын
түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан,
тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден
және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа
тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
 Дұрыс пайдаланбаған аккумулятор жинағынан
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз.
Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
 Аккумлятор жинағын тек өндіруші ұсынған
зарядтау құрылғыларымен зарядтаңыз. Зарядтау
құрылғысы белгілі бір аккумулятор жинақтарының
түріне арналған, оны басқа аккумуляторлар
жинақтарын зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін
тудырады.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Rc 1Chnm1Grl 300 hvGrl 300 hvg

Table of Contents