Қазақша - Bosch GIM 60 Professional Original Instructions Manual

Hide thumbs Also See for GIM 60 Professional:
Table of Contents

Advertisement

OBJ_BUCH-2461-003.book Page 98 Thursday, September 8, 2016 12:04 PM
98 | Қaзақша
Қaзақша
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану
құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің
корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде
және өнім корпусында көрсетілген.
Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен
бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен
істен шығу себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте
жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау
ұсынылады
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық құсқаулықтарды оқып, орындау
керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай
пайдаланбау өлшеу құралындағы кірісті-
рілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз
әсер етеді. ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ ТОЛЫҚ
ОРЫНДАҢЫЗ.
 Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал
қауіпсіздігін сақтайсыз.
 Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған
жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдалан-
баңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды
жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Өлшеу құралымен оптымалы жұмыс істеу
тек пайдалану нұсқаулығы мен жұмыс
істеу нұсқауларын толық оқып барлық
нұсқауларды мұқият орындалғанда ғана
мүмкін болады. ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ
ТОЛЫҚ ОРЫНДАҢЫЗ.
Өлшеу құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы көлбеулерді жылдам және дәл өлшеуге
арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу
құралының сипаттамасына қатысты.
1 Деңгейді көлденең бағыттау
2 Сериялық нөмір
3 Батарея бөлімі қақпағы
4 Батарея бөлімі қақпағының құлпы
5 Жарықтандырылған дисплей
1 609 92A 21G | (8.9.16)
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gim 120 professional

Table of Contents