Samsung BD-C6900 User Manual page 253

Hide thumbs Also See for BD-C6900:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қосымша
Сәйкестік және үйлесімділік ескертуі
Дискілердің барлығы үйлесе бермейді.
Төменде сипатталған және осы нұсқаулықта ескерілген, оның ішінде осы нұсқаулықтың диск түрі
мен қасиеттері бөлімінде аталған шектеулер бойынша ойнатылатын диск түрлері мынадай: алдын
ала жазылған коммерциялық BD-ROM, DVD-VIDEO және Audio CD (CD-DA) дискілер; BD-RE/-R,
DVD-RW/-R дискілері; CD-RW/-R дискілері.
Жоғарыда келтірілгендерден өзге дискілер осы өнімде ойнатылмайды және/немесе ойнатуға арналмаған.
Жоғарыда келтірілген дискілердің кейбіреуі төменде берілген себептерге байланысты ойнатылмауы мүмкін.
Samsung компаниясы осы өнімнің BD-ROM, BD-RE/-R, DVD-VIDEO, DVD-RW/-R, DVD+RW/+R
and CD-RW/-R белгілері бар барлық дискілерді ойнататына кепілдік бермейді, сондай-ақ осы өнім
барлық басқару пәрмендеріне жауап бермеуі немесе әр дискідегі мүмкіндіктерді пайдаланбауы да
мүмкін. Жаңа және қолданыстағы пішімде болатын дискілерін пайдаланғанда дискінің осы және
өзге үйлесімдік мәселелері және өнімнің жұмыс атқару мәселелері туындауы мүмкін, себебі:
-
Blu-ray – жаңа және дамытылып келе жатқан пішім және осы өнім Blu-ray дискілерінің барлық мүмкіндіктерін
пайдаланбауы мүмкін, себебі кейбір мүмкіндіктер қосымша болады, кейбір мүмкіндіктер Blu-ray дискісіне
өнім жасалғаннан кейін қосылған болуы мүмкін, сондай-ақ кейбір мүмкіндіктер кейіннен қолжетімді болады.
-
осы өнім жаңа және қолданыстағы дискілердің пішім нұсқаларының барлығын қолдамайды;
-
жаңа және қолданыстағы диск пішімдері қайта өңделген, өзгертілген, жаңартылған, жетілдірілген
және/немесе толықтырылған болуы мүмкін;
-
кейбір дискілер ойнату барысында арнайы немесе шектеулі әрекет яки мүмкіндікке жол беретін
етіп шығарылады.
-
кейбір мүмкіндіктер қосымша болады, кейбір мүмкіндіктер өнім жасалғаннан кейін қосылған
болуы мүмкін, сондай-ақ кейбір мүмкіндіктер кейіннен қолжетімді болады;
-
BD-ROM, BD-RE/-R, DVD-VIDEO, DVD-RW/-R, DVD+RW/+R және CD-RW/-R белгілері бар
кейбір дискілер әлі де болса стандартқа кірмейтін дискілер болуы мүмкін;
-
кейбір дискілер физикалық күйіне немесе жазу жағдайларына байланысты ойнатылмауы мүмкін;
-
Blu-ray дискілері, DVD бағдарламалық құралдың және/немесе дискілердің жасалуы барысында
ақаулықтар мен қателер туындауы мүмкін;
-
осы өнім стандартты DVD өнімімен немесе өзге AV жабдықпен салыстырғанда өзгеше жұмыс істейді.
-
осы нұсқаулық бойынша байқалған және SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығымен
анықталып, жіберілген себептер үшін.
Егер диск үйлесімділігі немесе ойнатқыштың жұмыс істеуі бойынша туындаған мәселелерге тап
болсаңыз, SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығына хабарласыңыз.
Сондай-ақ, SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығына осы ойнатқыштың ықтимал жаңартулары үшін
де хабарласуыңызға болады.
Ойнатуға қойылатын шектеулер мен диск үйлесімділігі жөнінде қосымша ақпарат үшін осы нұсқаулықтың Ескертулер,
Пайдаланушы нұсқаулығын оқымас бұрын, Диск түрлері мен сипаттары, Ойнатпас бұрын бөлімдерін қараңыз.
Көшіруден қорғау
CSS (Мазмұнды шифрлеу жүйесі) DVD пішіміндегі дискілерге қолданылып жүргендей, AACS
(Мазмұнды күрделі қолдану жүйесі) Blu-ray пішімдегі дискілердің мазмұнын қорғайтын болып
мақұлданғандықтан, AACS қорғайтын мазмұнның ойнатылуы, аналогтық сигналдың шығысы, т.б.
сияқты параметрлерге белгілі бір шектеулер қойылған.
Осы өнімнің жұмыс істеуі және оған қойылатын шектеулер сатып алу уақытына қарай әр түрлі
болуы мүмкін, себебі AACS бұл шектеулерді өнім өндірілгеннен кейін бейімдеген және / немесе
өзгерткен болуы мүмкін. Онымен қоса, Blu-ray пішіміндегі дискілер үшін BD-ROM Mark және BD+
мазмұнды қорғаудың қосымша жүйесі ретінде қолданылады, сондықтан BD-ROM Mark және /
немесе BD+ қорғанысы орнатылған мазмұнына ойнату шектеулері сияқты белгілі бір шектеулер
орнатылады. AACS, BD-ROM Mark, BD+ немесе осы өнім туралы қосымша ақпарат алу үшін,
SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығына хабарласыңыз.
0
Қазақша

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents