Samsung BD-C6900 User Manual page 195

Hide thumbs Also See for BD-C6900:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Негізгі мүмкіндіктер
Blu-ray дискісінің қызметтері
Blu-ray дискілері саладағы ең жоғары сапалы HD
бейне форматын қолдайды. Үлкен сыйымдылық
бейне сапасына еш әсер етпейді. Сонымен
қатар, Blu-ray дискісінің өлшемі мен көрінісі
DVD дискісінікімен бірдей.
Төмендегі Blu-ray дискісінің қызметтері дискіге
байланысты және әр түрлі болуы мүмкін.
Қызметтердің көрінісі мен олардың ішінде
жылжуда дискілер арасында айырмашылықтар
болуы мүмкін.
Төменде көрсетілген қызметтер дискілердің
барлығында бола бермейді.
Бейне форматтың басты сипаттары
BD-ROM форматы жоғары жетілдірілген үш бейне
кодекті қолдайды, оның ішінде AVC, VC-1 және
MPEG-2.
HD бейне ажыратымдылықтары да бар:
1920 x 1080 жоғары ажыратымдылығы
1280 x 720 жоғары ажыратымдылығы
Жоғары ажыратымдылықта ойнату үшін
Blu-ray дискісінде жоғары ажыратымдылықтағы
мазмұндарды көру үшін HDTV (жоғары
ажыратымдылықты теледидар) қажет.
Кейбір Blu-ray дискілері жоғары ажыратымдылықты
мазмұнды көру үшін ойнатқыштың HDMI OUT
портының пайдаланылуын қажет етуі мүмкін.
Blu-ray дискілерінде жоғары ажыратымдылықты
мазмұнды көру қабілеті теледидарыңыздың
ажыратымдылығына байланысты шектеулі болуы
мүмкін.
Интерактивтілік
Кейбір Blu-ray дискілерінде анимациялық
мәзірлер мен қарапайым ойындар болуы мүмкін.
Пайдаланушы шола алатын слайд
көрсетілімдері
Blu-ray дискілерімен дыбысты ойната отырып,
әр түрлі қозғалмайтын суреттерді шолуға
болады.

Қазақша
Субтитрлер
Blu-ray дискісінің мазмұнына байланысты
субтитрлер үшін әр түрлі қаріп мәнерлерін,
өлшемдерін және түстерін таңдай алуыңыз
мүмкін. Субтитрлер, сондай-ақ, анимациялық,
айналдырылатын немесе пайда болып және
жоғалып тұратын болуы мүмкін.
BD-LIVE
Желі байланысы арқылы диск өндірушісі
қамтамасыз ететін мазмұнды жүктеу үшін, BD-
LIVE мүмкіндігін қолдайтын Blu-ray дискісін
қолдануға болады.
Blu-ray дискісі ойнатқышының
мүмкіндіктері
Internet@TV
Желі байланысы арқылы түрлі ақылы немесе
тегін қолданбаларды жүктеп алуға болады.
Жаңалықтар, ауа-райы болжамы, қорлар
биржасы, ойындар, бейне фильмдер мен
музыканы қамтитын әр түрлі интернет
мүмкіндіктері мен мазмұндар қамтамасыз етіледі.
3D
Бұл өнім HDMI кабелі арқылы 3D мазмұндарын
ойнатады.
3D әсерін қолдану үшін 3D құрылғысын (3D
қолдайтын дыбыс және бейне ресивер, 3D
қолдайтын теледидар) HDMI кабелі арқылы
өнімге қосыңыз да, 3D көзілдірігін киіп, 3D
мазмұнын ойнатыңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents