Download Print this page

Philips FC8952 Manual page 18

Hide thumbs Also See for FC8952:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
18
ҚАЗАҚША
5
Астыңғы бөліктегі үш сақинаны үстіңгі бөліктегі үш саңылауға жылжытыңыз (Cурет 35).
6
Турбо тарақты жабу үшін астыңғы бөлікті үстіңгі бөлікке қарай жылжытыңыз (Cурет 36).
7
Шағын турбо тарақты ағыту үшін сақинаны тесікке қарай сырғытыңыз (1) және бекіту
үшін оны сағат тілінің бағытымен бұраңыз (2) (Cурет 37).
Сақтау
1
Құрылғыны өшіріп, розеткадан ажыратыңыз (Cурет 19).
2
Қуат сымын жинау түймесін басып, қуат сымын жинаңыз (Cурет 38).
Ескертпе. Сондай-ақ, сымды тартып, оны орауға болады.
3
Саптаманың шығыңқы жерін уақытша қою ойығына кіргізіп құралға орнатып қоюға
болады. Құралдың барлық дөңгелектерін еденге тигізіп, көлденең қойып
сақтаңыз (Cурет 20).
Құрылғыны тігінен сақтамаңыз (Cурет 39).
4
TriActive саптамасын сақтайтын кезде әрдайым кілем параметріне қойыңыз. Сондай-ақ,
бүйіріндегі щеткаларының бүгіліп тұруына жол бермеңіз (Cурет 10).
Қосалқы құралдарға тапсырыс беру
Қосалқы құралдар немесе қосалқы бөлшектер сатып алу үшін, www.shop.philips.com/
service сайтына кіріңіз немесе Philips дилеріне барыңыз. Сондай-ақ,еліңіздегі Philips
Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін дүниежүзілік
кепілдік парақшасынан қараңыз).
Қосалқы құралдар
-
Жуылатын Ultra Clean Air HEPA 13 құрымдық сүзгілерін 9965.100.56372 қызметтік
нөмірімен алуға болады.
Қоршаған орта
-
Қызмет мерзімі аяқталғанда, құралды әдеттегі қоқыспен бірге тастамай, ресми жинау
орнына тапсырыңыз. Осылайша, сіз қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз (Cурет 40).
Кепілдік және қолдау
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support сайтына кіріңіз
немесе бөлек дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құрылғыда ең жиі кездесетін мәселелер жинақталған. Төмендегі ақпараттың
көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар тізімін көру үшін
www.philips.com/support торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз.

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Fc8950