LG A190 User Manual page 76

Hide thumbs Also See for A190:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

КЕҢЕС! Қоңырауларға басқа жолдармен жауап беру үшін, телефон
параметрлерін өзгертуге болады. Ол үшін, Мәзір пернесін басып,
алдымен Параметрлер, одан кейін Қоңырау тармағын таңдаңыз.
Сол жерден, Жауап беру режимі параметрін таңдап, Any key (Кез
келген перне) немесе Send key only (Тек жіберу пернесі) параметрін
таңдаңыз.
• Кез келген перне – қоңырауға кез келген пернені басып жауап
беруге болады.
• Тек жіберу пернесі – қоңырауға тек Жіберу пернесімен жауап
беріледі.
Қоңырау параметрлерін өзгерту
Мәзірді қоңырауға байланысты орнатуға болады. Ол үшін,
Мәзір пернесін басып, алдымен Параметрлер, одан кейін
Қоңырау тармағын таңдаңыз.
• Қоңырауды бұру – қоңырауларды бұру әдістерін таңдайды.
• Қоңырауды күттіру – осы мүмкіндікті іске қосуға немесе одан
бас тартуға арналған.
Қоңыраулар журналын тексеру
Барлық, жауапсыз, терілген, қабылданған қоңырауларды және
олардың ұзақтығын тексеруге болады. Қоңырау шалынған
күн және уақыт ақпаратымен бірге нөмір және контакт аты
(болса) көрсетіледі. Қоңырау қанша рет шалынғанын да көруге
болады. Мәзір пернесін басып, Қоңыраулар журналы тармағын
таңдаңыз.
7

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents