Sony BDV-E6100 Reference Manual page 85

Hide thumbs Also See for BDV-E6100:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қалдық
Тек Еуропа
батареяларды
қоқысқа тастау
(Бөлек жинау
жүйелері бар
Еуропалық Одақта
жəне басқа да
еуропалық елдерде
қолданылады)
Батареядағы немесе қаптамасындағы бұл
таңба өнімдегі батареяға тұрмыстық
қалдық ретінде қарамауын білдіреді.
Белгілі бір батареяларда бұл таңба
химиялық таңбамен бірге пайдаланылуы
мүмкін. Батарея құрамында 0,0005% сынап
немесе 0,004% қорғасын болса, сынаптың
(Hg) немесе қорғасынның (Pb) химиялық
таңбалары қосылады.
Бұл батареялардың дұрыс тасталуын
қамтамасыз ете отырып, батареяның
қалдық ретінде тиісінше тасталмауынан
қоршаған ортаға жəне адам денсаулығына
тиетін ықтимал кері əсерлерге жол
бермейсіз. Материалдарды кəдеге жарату
табиғи ресурстарды сақтауға көмектеседі.
Қауіпсіздік, жұмыс өнімділігі жəне
деректер тұтастығы үшін өнімдерге
батареяны үнемі қосып қою қажет етілген
жағдайда, бұл батареяны тек білікті қызмет
көрсетуші маман ауыстыруы керек.
Батареяның дұрыс қолданылғанына көз
жеткізу үшін өнімді пайдаланылу мерзімі
аяқталғаннан кейін электрлік жəне
электрондық жабдықты кəдеге жарату
мақсатымен арнайы жинау орнына
тастаңыз.
Барлық басқа батареялар үшін батареяны
өнімнен қауіпсіз шығару жолдары туралы
бөлімнен қараңыз. Қалдық батареяларды
кəдеге жарату мақсатымен батареяны
арнайы жинау орнына тастаңыз.
Бұл өнімді немесе батареяны кəдеге
жарату туралы толығырақ ақпарат алу
үшін жергілікті тиісті қалалық мекемеге,
тұрмыстық қалдық тастау қызметіне
немесе өнім сатып алынған дүкенге
хабарласыңыз.
Тұтынушыларға ескерту: төмендегі
ақпарат ЕО директиваларын
қолданатын елдерде ғана сатылатын
жабдық үшін қолданылады.
Бұл өнім Sony Corporation ұйымы арқылы
немесе соның атынан жасалды, 1-7-1
Konan Minato-ku Токио, 108-0075
Жапония. Еуропалық Одақ заңнамасына
қарай өнімнің сəйкестігіне қатысты
сұраулар мына өкілетті өкілдікке жіберілуі
керек: Sony Deutschland GmbH, Hedelfinger
Strasse 61, 70327 Stuttgart, Germany.
Қызмет көрсету немесе кепілдік
мəселелері бойынша бөлек қызмет көрсету
немесе кепілдік құжаттарында берілген
мекенжайларға хабарласыңыз.
Hereby, Sony Corp. бұл жабдықты 1999/5/
EC директивасының маңызды талаптары
мен басқа қатысты ережелерімен үйлесімді
деп хабарлады.
Мəліметтер үшін келесі URL мекенжайына
кіріңіз: http://www.compliance.sony.de/
Сақтық шаралар
Бұл жабдықтың EMC директивасында
белгіленген шектерге сəйкестігі 3 метрден
қысқа жалғау кабелімен тексеріліп
анықталды. (Еуропа модельдері ғана)
Электр қуаты көздері бойынша
• Құрылғы өздігінен өшіп қалғанның
өзінде айнымалы ток розеткасына
қосылғандықтан, құрылғы ток көзінен
ажыратылмайды.
• Құрылғыны ток көзінен ажырату үшін
негізгі тығын қолданылатындықтан,
құрылғыны оңай қол жетімді айнымалы
ток розеткасына сұғыңыз. Құрылғының
дұрыс істемеуін байқасаңыз, бірден
негізгі тығынды айнымалы ток
розеткасынан ажыратыңыз.
3
KZ

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Bdv-e2100Bdv-ef1100Bdv-e4100Bdv-e3100

Table of Contents