Philips QS6140/41 User Manual page 84

Philips styleshaver qs6140 pro
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
84
2
Қозғалыс құлпын өшіру үшін триммер басын қосу/өшіру түймесін,
қыру бөлігін қосу/өшіру түймесін немесе екеуін де қозғалыс
құлпының көрсеткіші 4 рет жыпылықтағанда кемінде 4 секунд
бойы басып тұрыңыз.
, Қозғалыс құлпы өшеді және құрылғы қосылады.
Ескертпе: Сондай-ақ, қозғалыс құлпын құрылғыны зарядтау арқылы
өшіруге болады.
Қосалқы құралдарға тапсырыс беру
Бұл құрылғы үшін қосалқы құралдар сатып алу үшін, www.shop.
philips.com/service мекенжайындағы онлайн-дүкенімізге кіріңіз.
Онлайн-дүкен қызметін пайдалану еліңізде мүмкін болмаса, Philips
дилеріне немесе Philips қызмет көрсету орталығына барыңыз. Құрылғы
үшін қосалқы құралдар алуда қиындықтар болса, еліңіздегі Philips
Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз. Оның байланыс
мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табасыз.
Қоршаған орта
-
Қызмет мерзімі аяқталғанда, құралды әдеттегі қоқыспен бірге
тастамай, ресми жинау орнына тапсырыңыз. Осылайша, сіз қоршаған
ортаны сақтауға көмектесесіз.
-
Кірістірілген қайта зарядталатын батареялардың құрамында
қоршаған ортаны ластайтын заттар бар. Құралды арнайы жинау
орнына өткізбес бұрын, батареяларын алыңыз. Батареяны арнайы
батареялар жинайтын орынға өткізіңіз. Егер батареяны алу кезінде
қиындық туса, құралды Philips қызмет көрсету орталығына апаруға
болады. Орталық қызметкерлері батареяны алып, қоршаған ортаға
қауіпсіз жолмен жояды.
Қайта зарядталатын батареяларды алу
Қайта зарядталатын батареяларды тек олар толығымен бос болса
ғана алыңыз.
1
Құралды розеткадан ажыратып, моторы тоқтағанша күтіңіз.
2
Құралдан қыру бөлігі мен кескіштерді алыңыз.
3
Жоғарғы қақпақтағы төрт бұранданы бұрауышпен бұрап
шығарыңыз.
4
Қақпақты алыңыз.
5
Артқы тақтаның астына бұрауышты салып, тақтаны алыңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Qs6160Qs6140

Table of Contents