Sony PlayStation Portal Instruction Manual page 40

Remote player
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Пайдалану және ұстау
Өнім мен аксессуарларды осы нұсқаулықта
берілген нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз. Өнімді
талдауға немесе өзгертуге, не болмаса оның тізбек
конфигурацияларын талдауға және пайдалануға
рұқсат берілмейді. Өнімді рұқсатсыз өзгерткен
жағдайда өндіруші кепілдігінің күші жойылады.
Басқа елдерде пайдалану
Елге немесе аймаққа байланысты, радио
сигналдардың белгілі бір түрлерін пайдалануға
шектеулер қойылған. Кейбір жағдайларда өнімнің
желілік мүмкіндіктерін пайдалану айыппұлға немесе
басқа айыппұл түріне әкелуі мүмкін.
Ылғалдың конденсациясы
Егер өнім тікелей суық жерден жылы жерге әкелінсе,
консоль ішінде ылғал конденсацияланып, өнім дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін. Бұл жағдайда, өнімді өшіріп,
ылғал буланғанша (бұған бірнеше сағат кетуі мүмкін)
қалдырыңыз. Консоль әлі де дұрыс жұмыс істемесе,
тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Сымсыз желі мүмкіндігі
5150-5350 МГц диапазонында тек ғимарат ішінде
пайдалануға рұқсат етілген. Жол көліктерінде,
пойыздарда және ұшақтарда 5250-5350 МГц
диапазонында орнатуға рұқсат етілмейді.
40
Сымсыз жергілікті желіге қатынасу нүктесін таңдау үшін
сканерлеу функциясын пайдаланғанда, көпшіліктің
пайдалануына арналмаған қатынасу нүктелері
көрсетілуі мүмкін. Пайдалануға рұқсат етілген қатынасу
нүктесіне ғана қосыңыз.
Зарядтау туралы ескертулер
• Температура ауқымы 10 °C және 30 °C аралығында
болатын ортада зарядтаңыз. Басқа орталарда
зарядтағанда тиімді нәтиже болмауы мүмкін.
• Батареяның қызмет ету мерзімі шектеулі. Батарея
қызметінің ұзақтығы жиі қолдану және уақыт өту
нәтижесінде қысқарады. Батареяның қызмет көрсету
мерзімі сақтау әдісіне, пайдалану күйіне, ортаға және
басқа факторларға байланысты әртүрлі болады.
• Өнім ұзақ уақыт пайдаланылмаса, батареяның
функциялық мүмкіндігін сақтау үшін кемінде жылына
бір рет батареяны толық зарядтаған жөн.
Экран
• Экранды саусағыңызбен артық күшпен баспаңыз.
Сондай-ақ экранды металл сияқты ешқандай
қатты нәрсемен немесе үшкір ұшы бар ешқандай
нәрсемен (мысалы, қаламсап немесе
тырнақтарыңыз) қырмаңыз немесе оған сызат
түсірмеңіз. Бұл әрекеттердің кез келгені экранды
зақымдауы немесе бұзуы мүмкін.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents