Sony PlayStation Portal Instruction Manual page 37

Remote player
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
• Ауруханалар сияқты сымсыз желіні пайдалануға
тыйым салынған аймақтарда сымсыз желі мүмкіндігін
пайдаланбаңыз. Өнімді медициналық мекемеде
пайдаланғанда, сол жердің ережелерін сақтаңыз.
МАГНИТТЕР ЖӘНЕ ҚҰРЫЛҒЫЛАР
Бұл өнімде кардиостимуляторларға,
дефибрилляторларға және бағдарламаланатын
шунттау клапандарына немесе басқа медициналық
құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін магниттер бар.
Бұл өнімді осындай медициналық құрылғыларға
немесе осындай медициналық құрылғыларды
пайдаланатын адамдарға жақын қоймаңыз. Осындай
медициналық құрылғыларды пайдалансаңыз, осы
өнімді пайдалану алдында дәрігерге хабарласыңыз.
ДЫБЫС ДЕҢГЕЙІ
АБАЙЛАҢЫЗ Ықтимал естуді зақымдаудың алдын
алу үшін ұзақ мерзім бойына жоғары дыбыс
деңгейлерінде тыңдамаңыз.
Гарнитураны немесе құлақаспапты жоғары дыбыс
деңгейімен пайдалансаңыз, есту қабілеті мүлдем
жоғалуы мүмкін. Дыбыс деңгейін қауіпсіз деңгейге
орнатыңыз. Уақыт өте қатты дыбыс қалыпты болып
естіле бастауы мүмкін, бірақ негізінде есту қабілетіңізді
зақымдап жатқан болады. Егер құлағыңызға қандай
да бір шуыл естілсе, ыңғайсыздық тудырса немесе
сұхбат бәсеңдеп естілсе, тыңдауды тоқтатып,
есту қабілетіңізді тексеріңіз. Дыбыс деңгейі қатты
Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік
болған сайын, есту қабілетіңізге соғұрлым жылдам
әсер етеді. Есту қабілетіңізді қорғау үшін:
– Гарнитура немесе құлаққапты жоғары дыбыс
деңгейінде пайдалануды шектеңіз.
– Шулы ортаның дыбысынан құтылу үшін дыбыс
деңгейін арттырмаңыз.
– Жаныңызда сөйлеп жатқан адамдарды ести
алмасаңыз, дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
ЛИТИЙ-ИОНДЫ БАТАРЕЯ
Зақымдалған немесе ағып кеткен литий-ионды
батареяларды ұстамаңыз. Егер материал теріңізге,
көзіңізге немесе киіміңізге тисе, ол жерді дереу таза
сумен шайып, дәрігермен кеңесіңіз.
Осы құрылғыда қолданылған батарея дұрыс
пайдаланылмайтын болса, өрт шығу немесе химиялық
күйік алу қаупін тудыруы мүмкін.
ЖАС БАЛАЛАРДЫҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ
Өнімді кішкентай балалардың қолы жетпейтін
жерде ұстаңыз. Жас балалар кішкентай бөлшектерді
жұтып қоюы, кабельдерге оралып қалуы мүмкін,
бұл жарақат алу, апатқа ұшырау немесе бұзылу қаупін
тудыруы мүмкін.
KZ
37
37

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents