Sony PlayStation Portal Instruction Manual page 36

Remote player
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Денсаулықты қорғау және
қауіпсіздік
Өнімді пайдалану алдында осы нұсқаулықты және
үйлесімді жабдыққа арналған барлық нұсқаулықтарды
мұқият оқып шығыңыз. Нұсқауларды болашақта
пайдалану үшін сақтап қойыңыз. Балалардың
ата-аналары немесе қамқоршылары қауіпсіз пайдалану
үшін осы нұсқаулықты оқып шығуы керек.
KZ
Бұл өнім қауіпсіздікке барынша мән бере отырып
жасалған. Дегенмен кез келген электр құрылғысы
дұрыс пайдаланылмаса, өрт шығуына, электр тогының
соғуына немесе жарақат алуға себеп болуы ықтимал.
Барлық ескертулерді, сақтық шараларын және
нұсқауларды орындаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
ЖАРЫҚ СТИМУЛЯЦИЯСЫ ТУДЫРҒАН
ҰСТАМАЛАР (ЖАРЫҚСЕЗГІШ ЭПИЛЕПСИЯ)
Эпилепсияға шалдыққан немесе ұстамалы ауруыңыз
бар болса, бұл өнімді пайдаланбастан бұрын
дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Кей адамдар жыпылықтайтын немесе жылтылдайтын
шамдарға немесе геометриялық пішіндер мен
нақыштарға сезімтал болуы немесе оларда
анықталмаған эпилепсия болуы мүмкін және бейне
ойындарын ойнағанда немесе бейне мазмұнды
көргенде эпилепсия ұстамалары орын алуы мүмкін.
Компьютерлік ойындарды ойнау немесе бейне
мазмұнды көру кезінде жыпылықтайтын жарықтар
36
немесе басқа жарық стимуляциясы әсер етсе, келесі
денсаулық мәселелері немесе белгілері байқалса,
ПАЙДАЛАНУДЫ ДЕРЕУ ТОҚТАТЫҢЫЗ: көздердің
ауыруы, көру қабілетінің өзгеруі, бас сақинасы,
бұлшықеттердің тартылуы, тырыспа немесе басқа
еріксіз қозғалыстар, көздің қарауытуы, есінен тану,
я болмаса абдырау немесе бағыттан адасу.
Жоғарыдағыларға қоса, келесі белгілер байқалса,
ПАЙДАЛАНУДЫ ДЕРЕУ ТОҚТАТЫҢЫЗ: ойнау кезіндегі
бас ауыруы, бас айналуы, лоқсу, қалжырау,
қозғалыстан лоқсуға ұқсас белгілер, я болмаса көздер,
құлақтар, қолдар, аяқтар сияқты кез келген дене
бөлігіндегі ыңғайсыздық немесе ауыру. Бұл жағдай
тоқтамаса, медициналық көмекке жүгініңіз.
РАДИОТОЛҚЫНДАР
Радиотолқындар электрондық жабдыққа немесе
медициналық құрылғыларға (мысалы,
кардиостимуляторларға) әсер етіп, бұл ақаулықтарға
және ықтимал жарақаттарға әкелуі мүмкін.
• Желі мүмкіндіктерін пайдалану кезінде өнімді
кардиостимулятордан немесе басқа медициналық
құрылғылардан кемінде 30 см алыс ұстаңыз.
• Кардиостимуляторға кедергілер туындап жатыр деп
күдіктенуге себеп болса, өнімді дереу өшіріңіз.
• Кардиостимуляторды немесе басқа медициналық
құрылғыны пайдалансаңыз, сымсыз желі мүмкіндігін
(сымсыз жергілікті желі) пайдалану алдында
дәрігерден немесе медициналық құрылғы
өндірушісінен кеңес алыңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents