Sony PlayStation Portal Instruction Manual page 39

Remote player
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Орнату және ұстау
• Өнімде, аксессуарларда және оның
коннекторларында сұйықтық, артық шаң және ұсақ
бөлшектер болмауын үнемі қадағалап жүріңіз.
• Коннекторларға тимеңіз немесе өнімнің ішіне
ештеңе салмаңыз.
• Өнім, кабельдер немесе коннекторлар зақымдалған
немесе өзгертілген болса, оларды пайдаланбаңыз.
• Өнімді немесе аксессуарларды еденге немесе адам
сүрінуі немесе шалынуы мүмкін жерге қоймаңыз.
• Өнімді немесе аксессуарларды тұрақсыз, еңкейтілген
немесе дірілдейтін беттерге қоймаңыз.
• Өнім немесе кабельдер үстіне ауыр заттар қоймаңыз,
өнімді лақтырмаңыз немесе тастай салмаңыз,
не болмаса қатты физикалық күш қолданбаңыз.
• Жаяу жүріп, көлік жүргізіп немесе велосипед теуіп
жатқанда экранға қарамаңыз немесе өнімді
пайдалануға әрекеттенбеңіз, себебі бұдан
жазатайым оқиға және/немесе жарақат алу қаупі
орын алуы мүмкін.
• Найзағайлы дауыл кезінде зарядталып жатқан
өнімге тимеңіз.
• Өнімге қосылған кез келген басқа құрылғыларды
ылғалды қолмен ұстамаңыз. Әйтпесе ток
соғуы мүмкін.
• Пайдалану, тасымалдау және сақтау кезінде өнімді,
аксессуарларды немесе батареяны жоғары
температуралы, жоғары ылғалдықты немесе тікелей
күн жарығы түсетін орындарға қоймаңыз.
• Пайдалану жағдайларына байланысты, өнім 40 °C
немесе көбірек температураларға жетуі мүмкін.
Бұл жағдайларда өнімді ұзақ уақыт ұстамаңыз.
Осы жағдайларда ұзақ уақыт ұстау төмен
температуралы күйіктерге әкелуі мүмкін*.
• Төмен температуралы күйіктер — тері салыстырмалы
түрде төмен температуралы (40 °C немесе одан
жоғары) нысандарға ұзақ уақыт бойы тиген кезде
орын алатын күйіктер.
• Тек қамтамасыз етілген техникалық сипаттамаларға
сай айнымалы ток адаптерлерін пайдаланыңыз.
Осы техникалық сипаттамаларға сай емес айнымалы
ток адаптерлерін пайдаланудан өрт шығуы немесе
ток соғуы мүмкін.
• Өнімді кабельмен айналдыра орамаңыз.
• Экран (сенсорлық экран) шыныдан жасалған.
Экран сынса немесе зақымдалса, оны ұстамаңыз
әйтпесе жарақат алуыңыз мүмкін.
• Өнімдерді бірегей қаптамасында, қышқылдар
мен сілтілерден алыс қараңғы, құрғақ, таза,
жақсы желдетілетін жерде сақтау керек.
• Тасымалдау өндірушінің түпнұсқалық
қаптамасында орындалады.
KZ
39

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents