Sony PlayStation Portal Instruction Manual page 38

Remote player
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ӨНІМДІ НЕМЕСЕ АКСЕССУАРЛАРДЫ ЕШҚАШАН
БӨЛШЕКТЕМЕҢІЗ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТПЕҢІЗ
Өрт шығу, электр тогы соғу немесе жарақаттану
қаупі бар.
Сақтық шаралары
Ойыншының ыңғайлылығы
Денсаулықпен байланысты кез келген мәселелер
туындаса, өнімді пайдалануды дереу тоқтатыңыз.
Симптомдары жойылмаса, дәрігерге хабарласыңыз.
• Басы айналу, лоқсу, қалжырау немесе қозғалыстан
лоқсуға ұқсас симптомдар.
• Көздер, құлақтар, қолдар сияқты дене бөлігіндегі
ыңғайсыздық немесе ауыру.
Діріл функциясы
• Өнім тегіс бетте орналасқан болса, ойнау барысында
өнімнің дірілдеуінен ол құлап, адамды жарақаттауы
немесе істен шығуы мүмкін.
• Қолдың сүйектері, буындары немесе бұлшықеттері
сияқты дене бөліктерінде осы діріл функциясы әсер
етуі мүмкін қандай да бір ауру немесе жарақат болса,
діріл немесе триггерлік әсер функциясын
пайдаланбаңыз. Бұл мүмкіндіктерді қосу немесе
өшіру үшін бастапқы экраннан Quick Menu (Жылдам
мәзір) > Settings (Параметрлер) > Controller (Басқару
құралы) тармағын таңдаңыз.
38
Статикалық электр тогының соғуы
Гарнитураны немесе құлаққапты ерекше құрғақ
ауа жағдайында пайдаланғанда, кейде құлағыңызда
кішкене және жылдам (статикалық) соққыны сезуіңіз
мүмкін. Бұл денеде статикалық электрдің жиналуының
нәтижесі, гарнитура немесе құлаққаптың ақауы емес.
Қозғалыс датчигі
Өнімнің қозғалыс датчигі функциясын пайдаланып
жатқанда, мына нәрселерден сақтаныңыз. Өнім адамға
немесе затқа соқса, бұдан кездейсоқ жарақат алуы
немесе зақымдануы мүмкін.
• Қозғалыс датчигі функциясын пайдалану алдында,
айналада қозғалу үшін жеткілікті кеңістік бар
екендігіне көз жеткізіңіз.
• Өнімнің қолдан сырғып кетіп, затты немесе
адамды зақымдамауы немесе жарақаттамауы үшін,
оны қатты ұстаңыз.
• PlayStation
5 консоліне USB кабелімен жалғанған
®
басқару құралын пайдалансаңыз, кабель адамға
немесе нысандарға тиіп кетпеуі үшін кабельге
жеткілікті орын бар екенін тексеріңіз.
Жарық жолағы
Өнімдегі жарық жолағы жыпылықтаған кезде
оған қарамаңыз. Кез келген ыңғайсыздық
немесе ауырсынуды сезінсеңіз, өнімді пайдалануды
дереу тоқтатыңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents