Bosch 06019C3000 Instructions Manual page 155

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 17
L-Boxx шерту (G суретін қараңыз)
Шаңсорғышты тасымалдау және шаңсорғыш керек-
жарақтарын және/немесе электр құралын бос орынды
үнемдеп сақтау үшін шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінде L-
BOXX шертуге болады.
– L-Boxx патрондарын (7) шертіңіз.
Шаңсорғышты шертілген L-BOXX тұтқасынан
u
көтермеңіз. Шаңсорғыш L-BOXX тұтқасы үшін өте
ауыр болып табылады. Жарақаттану мен зақымдану
қаупі бар.
Пайдалану
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты
u
шаңсорғыштың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В деп белгіленген
зарядтау құралдарын 220 В шамасында да
пайдалануға болады.
Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша
u
қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет
алыңыз.
Шаңсорғышты төмендегі материалдарды шаңсору үшін
пайдалануға болады:
3
– Экспозиция шегі > 1 мг/м
болатын шаңды сору
Шаңсорғышты ешқашан жарылу қаупі бар бөлмелерде
пайдаланбаңыз.
Оңтайлы сору қуатын қамтамасыз ету үшін сорғыш
шлангіні (21) шаңсорғыш жоғарғы бөлігінен (8) толық
алыңыз.
Құрғақ сору
Жиналған шаңды сору
– Шаңсорғышты іске қосу үшін жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (5)
"Cору" белгісіне жылжытыңыз.
– Шаңсорғышты өшіру үшін жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (5)
"Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан
шаңды сору (H суретін қараңыз)
Ауа бөлмеге шықса бөлмеде жетерлік ауа алмасу
u
көрсеткіші (L) болуы керек. Тиісті заңдарға назар
аударыңыз.
Шаңсорғышқа жерге қосылған розетка (3) кіріктірілген.
Осы жерге сыртқы электр құралын жалғауға болады.
Жалғанған электр құралының максималды рұқсат етілген
қосылым қуатына назар аударыңыз.
Bosch Power Tools
– Сору адаптерін (19) орнатыңыз Сору адаптерін
орнату.
– Сору адаптерін (19) электр құралының сору штуцеріне
салыңыз.
Нұсқау: сорғыш шлангіне ауа кіріс аз болған электр
құралдарымен жұмыс істегенде (мысалы, жұқа ара,
ажарлағыш және т.б.), қосымша ауа саңылауы (32) сору
адаптерінде (19) ашық болуы тиіс. Тек осының
арқасында сүзгіні жартылай автоматты түрде тазалау
(SFC+) функциясы еш қиындықсыз жұмыс істейді.
Ол үшін сыртқы ауа саңылауының (32) үстіндегі
сақинаны саңылау барынша ашылғанша бұраңыз.
– Шаңсорғыштың іске қосу/тоқтату
автоматикасын іске қосу үшін жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (5)
"Іске қосу/тоқтату автоматикасы"
белгісіне орнатыңыз.
– Шаңсорғышты қолданысқа енгізу үшін розеткасына
(3) жалғанған электр құралын іске қосыңыз.
Шаңсорғыш автоматты түрде іске қосылады.
– Электр құралын өшіріп, соруды тоқтатыңыз.
Іске қосу/тоқтату автоматикасы сорғыш шлангіден
қалған шаңды сорып шығару үшін қосымша 15
секунд ішінде жұмыс істеп тұрады.
– Шаңсорғышты өшіру үшін жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (5)
"Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.
Ылғал шаңсору
Шаңсорғышпен бензин, май, алкоголь, еріткіштер
u
сияқты жанғыш немесе жарылатын
сұйықтықтарды сормаңыз. Ыстық немесе жанатын
шаңдарды сормаңыз. Жарылу қаупі бар
бөлмелерде шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Шаңдар, булар немесе сұйықтықтар жануы немесе
жарылуы мүмкін.
Шаңсорғышты сорғы ретінде пайдалануға
u
болмайды. Шаңсорғыш ауа және су қоспасын соруға
арналған.
Нұсқау: Өткізу деңгейіне қойылатын талаптар (тазалау
класы L) құрғақ сору функциясы үшін ғана расталды.
Ылғал шаңсору алдындаңы жұмыс қадамдары
– Қажет болса, қоқыс қабын (23) немесе шаң жинағыш
қапты шығарып алыңыз.
Нұсқау: су мен қатты заттек қосындысын сору кезінде
оңай қоқысқа тастау үшін ылғал сүзгі қабын (керек-
жарақ) пайдаланыңыз, ол сұйықтықты қатта заттектерден
ажыратады.
– Резеңке жиекті (26) едендік саптамаға (28) енгізіңіз.
(қараңыз „Резеңке жиегін орнату (ылғалды сору) (F
суретін қараңыз)", Бет 154)
– Сүзгіні жартылай автоматты түрде тазалау (SFC+)
функциясын өшіріңіз (қараңыз „Сүзгіні жартылай
автоматты түрде тазалау (I суретін қараңыз)", Бет 156)
Қазақ | 155
1 609 92A 4LX | (16.11.2018)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gas 35 l sfc+

Table of Contents