Bosch 06019C3000 Instructions Manual page 154

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 17
154 | Қазақ
Сорғыш шлангінің ұстағышын орнату (A
суретін қараңыз)
– Сорғыш шлангінің ұстағышын (4) жоғарыдан арнайы
патрондарға (30) тірелгенше кіргізіңіз.
Сорғыш шлангіні орнату (B суретін қараңыз)
– Сорғыш шлангіні (21) шланг қысқышына (2) салып,
оны сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: Соруда сору шлангында және жабдықтарында
шаң үйкелісі арқылы электр заряд пайда болады, оны
пайдаланушы статикалық тоқ ажыралуы арқылы сезуі
мүмкін (қоршаған орта әсерлеріне және дене сезімдігіне
байланысты).
Жалпы ретте Bosch антистатикалық сору шлангін
(жабдық) майда шаң немесе құрғақ материалдарды
соруда пайдалануды ұсынады.
Сору керек-жарақтарын орнату
Сорғыш шланг (21) және SFC+ модулі (20) қысқыш
жүйесімен жабдықталған, олардың көмегімен сору
керек-жарақтарын (сору адаптері (19), қисайған
қондырма (22)) жалғауға болады.
Сору адаптерін орнату (C суретін қараңыз)
– SFC+ модулін (20) сорғыш шлангіге (21) сорғыш
шлангінің әр батырмасы (31) шерту дыбысымен
тірелгенше енгізіңіз.
– Содан кейін сору адаптерін (19) SFC+ модуліне (20)
SFC+ модулінің әр батырмасы (31) шерту дыбысымен
тірелгенше енгізіңіз.
– Бөлшектеу үшін батырмаларды (31) ішке басып,
құрамдас бөліктерді бір-бірінен ажыратыңыз.
Бүріккіштер мен құбырларды орнату (D суретін
қараңыз)
– Қисайған қондырманы (22) сорғыш шлангіге (21)
сорғыш шлангінің әр батырмасы (31) шерту
дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.
– Содан кейін қажетті сору керек-жарақтарын (едендік
саптама, тесік қондырма, сору құбыры және т.б.)
қисайған қондырмаға (22) енгізіңіз.
– Бөлшектеу үшін батырмаларды (31) ішке басып,
құрамдас бөліктерді бір-бірінен ажыратыңыз.
Қоқыс қабын немесе шаң жинағыш қапты
орнату/шығару (құрғақ шаң сору) (E1–E2
суреттерін қараңыз)
Құрғақ шаң сору үшін қоқыс қабын (23) немесе шаң
жинағыш қапты (керек-жарақ) контейнерге (1) салуға
болады. Осылайша шаңды қоқысқа тастау жеңілдейді.
Нұсқау: сүзгіні жартылай автоматты түрде тазалау (SFC+)
функциясын өшіру қағаз сүзгі қабын пайдалану кезінде
міндетті, ал тоқымалы сүзгі қабын пайдалану кезінде
қажетті болып табылады (қараңыз „Сүзгіні жартылай
автоматты түрде тазалау (I суретін қараңыз)", Бет 156).
1 609 92A 4LX | (16.11.2018)
Тасталатын қапты орнату
– Құлыптарды (9) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(8) ашыңыз.
– Қоқыс қабын (23) толтыру саңылауымен бірге алға
қарай контейнер (1) ішіне енгізіңіз.
– Толтыру саңылауын жалғағыш фланец арқылы оның
қуысына дейін тартыңыз.
– Қоқыс қабының (23) контейнердің (1) ішкі
қабырғаларымен толығымен жанасқанына көз
жеткізіңіз.
– Қоқыс қабының (23) қалдығын контейнер (1) шетінен
қағыңыз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (8) орнатып
құлыптарды (9) жабыңыз.
Қоқыс қабын шығару және құлыптау
– Құлыптарды (9) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(8) ашыңыз.
– Толы қоқыс қабын (23) жалғағыш фланецтен артқа
қарай тартып шығарыңыз.
– Қоқыс қабын (23) зақымдамай контейнерден (1)
ақырындап шығарыңыз.
Қоқыс қабы қосу фланеціне немесе басқа өткір
заттарға тимеуіне көз жеткізіңіз.
– Желімдеу таспасының қаптамасын шешіп қоқыс қабын
желімдеңіз.
Содан кейін қоқыс қабын (23) толтыру саңылауының
астынан тартылған желімдеу таспасының
қаптамасымен байлаңыз.
Шаң қабын алмастыру/орнату (керек-жарақ)
– Құлыптарды (9) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(8) ашыңыз.
– Толық шаң қабын қосу фланецінен шығарыңыз. Шаң
қабының тесігін қақпағымен жабыңыз. Жабық шаң
қабын шаңсорғыштан контейнерден (1) алып
қойыңыз.
– Жаңа шаң қабын шаңсорғыш ернемектік біріктіргішіне
кигізіңіз. Шаң қабының контейнер (1) ішінде толықтай
жатуына көз жеткізіңіз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (8) орнатып
құлыптарды (9) жабыңыз.
Резеңке жиегін орнату (ылғалды сору) (F
суретін қараңыз)
Нұсқау: Өткізу деңгейіне қойылатын талаптар (тазалау
класы L) құрғақ сору функциясы үшін ғана расталды.
– Қылшықты жолды (27) сәйкес аспаппен едендік
қондырмадан (28) шешіңіз.
– Резеңке жиегін (26) едендік қондырмаға (28)
салыңыз.
Нұсқау: Резеңке жиектерінің құрылымды жағы сыртқа
көрсетуі керек.
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gas 35 l sfc+

Table of Contents