Bosch Professional GSR 12V-35 FC Original Instructions Manual page 142

Hide thumbs Also See for Professional GSR 12V-35 FC:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
142 | Қазақ
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (6) оңға тірелгенше
басыңыз.
Айналдыру моментін орнату
Айналдыру моментін алдын ала реттеу сақинасының (2)
қажет айналдыру моментін 20 қадаммен таңдауға
болады. Дұрыс орнатқанда жұмыс құралы бұранда
материалымен біртегіс бұрап бекітіле сала немесе
орнатылған айналдыру моментіне жете сала тоқтайды.
күйінде бекіту тіркесуі, мысалы, бұрғылау үшін
өшіріледі.
Шуруптарды бұрап алу кезінде жоғарырақ параметрді
таңдаңыз немесе қажет болса, белгіні орнатыңыз
Берілістің механикалық таңдалуы
Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын (3) электр
u
құрылғысы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (3) арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
I беріліс:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрімен
бұрау немесе жұмыс істеу үшін.
II беріліс:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен
жұмыс істеу үшін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (7) басып
тұрыңыз.
Шам (9) ажыратқыш (7) ішінара немесе толық
басылғанда жанып, жарықтығы төмен жұмыс аймағын
жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (7)
жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (7) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (7) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Толық автоматты шпиндель бекіту (Auto-Lock)
Ажыратқыш (7) басылмаған кезде, бұрғылау шпинделі
мен құрал бекіткіші (1) бұғатталады.
Бұл аккумулятор (5) заряды таусылғанда да
бұрандаларды бұрап кіргізуге немесе электр құралын
бұрауыш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумуляторды зарядтау күйінің индикаторы (8) бірнеше
секунд жартылай немесе толық басылған қосқыш/
өшіргіш (7) күйінде аккумулятордың зарядталғанын
көрсетеді және 3 жасыл жарық диодын қамтиды.
Аккумулятордың заряды деңгейінің индикаторындағы (8)
3 жарық диоды және (9) шамы аккумулятор
1 609 92A 815 | (15.07.2022)
температурасы –20 және +50°C аралығындағы жұмыс
температурасынан тыс болғанда жылдам жыпылықтайды.
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3 x жасыл
Үздіксіз жарық 2 x жасыл
Үздіксіз жарық 1 x жасыл
ақырын жыпылықтау 1 x жасыл
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына
артық жүктеме түспейді. Тым қатты артық жүктеме түскен
жағдайда, электроника электр құралын ол қайтадан
оңтайлы жұмыс температурасына жеткенше өшіреді.
.
Осы күй туралы аккумулятор заряды деңгейінің
индикаторындағы (8) үш жарық диоды үздіксіз жану
арқылы сигнал береді. Жарық диодтары электр құралы
қайтадан жұмыс температурасына жеткенде сөнеді.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Электр құралын бұрандаға тек өшірілген күйде
u
қойыңыз. Айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптар
сырғып кетуі мүмкін.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу
керек.
Металда бұрғылау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Bosch керек-жарақтары бағдарламасы
тиісті сапаға кепілдік береді.
Үлкен шуруптарды қатты материалдарға бұрап бекіту
алдында шуруптардың ұзындығының шамамен 2/3 ішкі
ирек ойма диаметріне сәйкес келетін диаметрі бар тесікті
алдын ала бұрғылау керек.
Қайыс ұстағышы (I суретін қараңыз)
Қайыс ұстағышымен (17) электр құралын, мысалы,
қайысқа ілуге болады. Сонда екі қолыңыз бос болып,
электр құралы жұмыс істеуге әрдайым дайын болады.
Бит ұстағышы (J суретін қараңыз)
Бит ұстағышына (18) бұрауыш биттерді сақтау үшін
енгізуге болады.
Түрлі-түсті қысқыш (K суретін қараңыз)
Түрлі-түсті қысқышты (19) қайыс ұстағышы (17) немесе
бит ұстағышы (18) орнатылмаған жағдайда ғана
пайдалануға болады.
Техникалық және сервистік
қызмет көрсету
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қуаты
≥ 76 %
51–75 %
26–50 %
≤ 25 %
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents