Bosch Professional GSR 12V-35 FC Original Instructions Manual page 141

Hide thumbs Also See for Professional GSR 12V-35 FC:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
Жинау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Аккумуляторды шығару (A суретін қараңыз)
Тек техникалық мәліметтерде жазылған
u
зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек
қана мұндай зарядтағыш құрылғылар электр
құралыңызда пайдаланылатын литий-иондық
аккумулятормен үйлесімді.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
u
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумуляторды (5) шығару үшін босату түймелерінің (4)
екеуін де басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан төмен қарай тартыңыз. Бұл ретте күш
салмаңыз.
Кәдеге жарату туралы нұсқауларды орындаңыз.
Құралды алмастыру
Алмалы-салмалы аспапты орнату (B суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты тірелгенше бекіткішке (1)
енгізіңіз.
Қондырманы орнату (C суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.
Қондырманы бекіткішке (1) салыңыз. Реттегіш сақинаны
(14) шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты қондырмаға енгізу, GFA
12-E, GFA 12-X (D суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты қондырмаға (1) тірелгенше
енгізіңіз. Алмалы-салмалы аспап магнит көмегімен
бекіткіште ұсталады.
GFA 12-B (E суретін қараңыз)
Бұрғылау патронының қондырмасын (11) ➊ айналу
бағытымен бұрау арқылы алмалы-салмалы аспап
енгізілгенше ашыңыз. Алмалы-салмалы аспапты
орнатыңыз.
Bosch Power Tools
Бұрғылау патронының қондырмасын (11) ➋ айналу
бағытымен қолмен күш қолданып бұраңыз. Бұрғылау
патроны автоматты түрде бұғатталады.
Қондырманы бұрау (F суретін қараңыз)
Бұғатталған қондырманы электр құралынан шамамен
5 мм ары тартыңыз. Қондырманы қажетті күйге бұрап,
сонан соң жіберіңіз.
Қондырманы бөлшектеу (G суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.
Қондырманы
бағытымен босатып, бекіткіштен (1)
тартып алыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (6) кенет іске
қосылуына жол бермеу үшін, оны ортаға орнатыңыз.
Зарядталған аккумуляторды (5) тұтқаға шерту
дыбысымен тірелгенше және тұтқамен тегіс болғанша
енгізіңіз.
Бұрау бағытын реттеу (H суретін қараңыз)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (6) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (7) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын (6) солға тірелгенше басыңыз.
Қазақ | 141
1 609 92A 815 | (15.07.2022)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents