Ricoh Ri 100 Safety Information Manual page 396

Hide thumbs Also See for Ri 100:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
2. Осы өнімге арналған қауіпсіздік туралы ақпарат
• Басу кезінде құрылғыны орынан қозғауға немесе жапқыштарын ашуға болмайды.
• Басу кезінде жоғарғы немесе оң жақ жапқышын ашуға болмайды. Егер ашсаңыз, басу
тоқтатылады.
• Қуат беріліп тұрғанда құрылғыны жылжытпаңыз. Егер ашсаңыз, басу тоқтатылады.
• Сия түтіктеріне немесе тісті резеңке белдікке тимеңіз. Сонымен қатар, кабельдер мен сия
түтіктерінің киім жеңіне ілініп қалмауын қадағалау қажет.
1
2
1. Тісті резеңке таспа
2. Сия түтіктері
• Өнімнің ішіне бөгде затты құлатып алмаңыз.
• Сия картриджін салып, құрылғыны бірінші рет қосқанда, басып шығару бастиегін толтыру
үрдісі басталады. Бұл үрдіс нәтижесінде кейде басу табаны бітеліп қалады. Егер бітеліп
қалса, басу табанын тазалау қадамдарын орындаңыз.
• Басу кезінде құрылғыны өшіруге немесе қуат сымын розеткадан суыруға болмайды.
• Басып шығару кезінде, құрылғыны сыртқы соққылардан қорғаңыз.
• Қолданыстан тыс уақытта құрылығыны өшіріп қою қажет.
• Құрылғыға біркелкі үлестірілген жағдайда, 10 кг-ға (22,1 фунт) дейін салмақ салуға болады.
Құрылғының бір науасына 2,5 кг-нан (5,6 фунт) артық салмақ салуға боламйды.
• Құрылғының үстіне орнықсыз заттарды қоюға болмайды. Егер құлап кетсе,
пайдаланушыларға және/немесе құрылғыға залал келтіреді.
• Басылған құжатқа қарай, сия жинағыш қалыпты жағдайдан жылдамырақ толып қалуы мүмкін.
Сия жинағыш толуға таяғанда "Подготовьте новый коллектор чернил" хабары көрсетіледі.
Құрылғыны жинағыш лық толғанша пайдалануға болғанымен, өнімді сатушыға немесе өнімге
қызмет көрсету орталығына ертерек хабарласаңыз (төлем талап етіледі).
• Сия картридждерін қолдану мерзімі аяқталғанға дейін пайдалану қажет, яғни орамынан
шығарылғаннан кейін алты ай аралығында қолданып үлгерген дұрыс.
• Басуға жарамсыз картридждерде күтім мақсаттарына жеткілікті сия мөлшері қалады.
18
DSA504

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ri 100 greenRi 100 pink

Table of Contents