Ricoh Ri 100 Safety Information Manual page 392

Hide thumbs Also See for Ri 100:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
2. Осы өнімге арналған қауіпсіздік туралы ақпарат
Құрылғының ішкі бөлігімен жұмыс істеу
• Осы нұсқаулықта тікелей аталғаннан басқа қақпақтарды немесе бұрандаларды алып
тастамаңыз. Осы құрылғының ішінде электр тогының соғу қаупі бар жоғары кернеулі
құрамдастар бар. Егер құрылғының ішкі құрамдастары қызмет көрсетуді, реттеуді немесе
жөндеуді қажет етсе, сауда немесе қызмет өкіліне хабарласыңыз.
• Осы құрылғыны бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз. Бұл әрекет күйікке және
электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
• Науаға матаны таққанда немесе одан шығарғанда, саусақтарыңызды қысып немесе
жарақаттап алмаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қақпағын ашпаңыз. Мұндай әрекет нәтижесінде қолыңыз
немесе саусақтарыңыз құрылғы ішінде қысылып, жарақат алуыңыз мүмкін.
Құрылғының керек-жарақтарымен жұмыс істеу
• Келесі мәтінде осы өнім орамында қолданылған пластик дорбадағы ескертулердің
түсіндірмесі берілген.
• Құрылғымен бірге жабдықталған полиэтилен материалдарды (дорбалар, қолқаптап,
т.б.) сәбилер мен жас балалардан қашық ұстаңыз. Полиэтилен материалдарды
ауызға немесе мұрынға жақын ұстаған жағдайда тұншығу қаупі артады.
• Сия буларын жұтып, хал-жағдайыңыз нашарласа, таза ауаға шығыңыз. Қажет болса,
дәрігерге көрсетіңіз.
• Cияны жұтып қойған жағдайда, аузды шаю керек. Өзіңізді құсуға мәжбүрлемеңіз. Қажет
болса, дәрігерге көрсетіңіз.
• Сияны салқын және жақсы желдетілген, құлыптаулы орынға қойыңыз және оны
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Сия жинағышты ауыстырғанда сияны киіміңізге тигізбеңіз. Егер сия киімге тисе, ластанған
жерін суық сумен жуу қажет. Ыстық су сияны материалға сіңдіреді де, дақты кетіру мүмкін
болмай қалады.
14

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ri 100 greenRi 100 pink

Table of Contents