Басылған Қосылымды Тексеру; Bluetooth Функциялары (Деректерді Сымсыз Тасымалдау); Суық Ауа-Райында Пайдалану - RIDGID RP 240 Manual

Press tool
Hide thumbs Also See for RP 240:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Іске қосу түймесін басыңыз (1-сурет). Құрал
айналымы басталып, аунақшалар қармауыш
иіндеріне тиген кезде құрал құлыпталады және
айналымды автоматты түрде аяқтайды. Түймені
босату құлыпталған құралды тоқтатпайды. Бұл
үздіксіз, қайталанатын қысылатын жалғама
тұтастығын қамтамасыз етеді.
Егер құралды қосылымды аяқтамай тұрып
алып тастау керек болса, қысымды түсіру
түймесін басыңыз (1-сурет). Түсіру түймесі
басылған сайын қысу толық БОЛМАЙДЫ және
аяқтау үшін қосылымды қайта басу керек
болады. Егер құрал пайдалану барысында
істен шықса, осы рәсімді пайдаланыңыз.
4. Іске қосу түймесін босатыңыз.
5. Қармауыштарды ашу үшін қармауыш
иіндерін сығыңыз.
6. Қармауышты фитингтен алып тастаңыз.
Қысу әрекеті барысында фитингте түзілуі
мүмкін үшкір жиектерге жол бермеңіз.
7. Әрекет аяқталған кезде құралды ӨШІРУ
үшін Қосу/Өшіру түймесін бір рет басыңыз.
Аккумуляторды құралдан алып тастаңыз.
Басылған қосылымды тексеру
1. Қысылған фитингте мыналарды тексеріңіз:
• Түтікті фитингке толық енгізу.
• Түтіктердің шамадан көп ауытқуы.
Қысылған қосылымдағы аздаған ауытқу
қалыпты болып есептеледі.
• Саптаманың фитинг контурымен дұрыс
тураланбауы.
пішіні өзгертілген фитинг.
• Фитинг өндірушісінің басқа мәселелері. Бұл
басқару сақинасын немесе жапсырманы
(қосылымның әлі қысылмағанын білдіру
үшін пайдаланылатын) алып тастауды
қамтуы мүмкін.
Егер ақаулықтар анықталса, фитингті алып
тастаңыз және жаңа қосылымды орнатыңыз.
2. Қосылымды қосқыш өндірушісінің нұсқауларына,
қалыпты әдістерге және қолданылатын ережелерге
сәйкес сынаңыз.
Бұрмаланған
немесе
RP 240 пресс құралы
Bluetooth функциялары
(Деректерді сымсыз тасымалдау)
RIDGID® RP 240 пресс құралы iOS немесе Android
операциялық жүйесі орнатылған тиісті түрде
жабдықталған смартфондарға немесе планшеттерге
("құрылғылар") деректерді сымсыз тасымалдау
мүмкіндігін беретін Bluetooth® сымсыз технологиясын
қамтиды.
1. RIDGID.com/apps торабына өтіп немесе
Google Play Store немесе Apple App Store
қызметіне өтіп, тиісті RIDGID® бағдарламасын
құрылғыңызға жүктеп алыңыз.
2. Құрал ҚОСЫЛҒАН кезде Bluetooth сымсыз
технологиясының қолдауы бар құрылғы
пресс құралын тауып, онымен жұптаса алады.
3. Құрылғының Bluetooth параметрлерінде
қажетті RIDGID құралын таңдаңыз. Blue-
tooth сымсыз технологиясы арқылы қосылу
туралы нақты ақпарат бойынша құрылғы
нұсқауларын қараңыз. Қосылған кезде көк
құрал күйінің шамы шымқай болады.
Бастапқы жұптастырудан кейін Bluetooth сымсыз
технологиясы қосылып, ауқым шегінде болған
кезде құрылғылардың көбісі құралдарға автоматты
түрде қосылады. Анықталу үшін пресс құралдары
құрылғыдан 33 футтан (10 м) кем қашықтықта
болуы қажет. Құрал және құрылғы арасындағы
кедергі жұмыс істеу ауқымын азайтуы мүмкін.
4. Бағдарламаның тиісті пайдалану нұсқауларын
орындаңыз. Сондай-ақ, бағдарлама құрал
айналымдарын бақылау және рұқсатсыз
пайдалануға жол бермеу үшін құралды
құлыптау мүмкіндігін береді.
5. Пресс құралы ӨШІРІЛГЕН кезде деректерді
сымсыз
тасымалдау
аккумуляторының қуатын үнемдеу үшін Blue-
tooth сымсыз құрылғысын ӨШІРІҢІЗ.
Суық ауа-райында пайдалану
Температура төмендеген кезде гидравликалық
сұйықтық қоюланады және аккумулятор өнімділігі
нашарлайды. Орынсыз пайдалану қаупін азайту
үшін, RP 240 құрылғысы құрал күйінің шамдары
көрсететін белгіленген температура ауқымынан
тыс істемейді (4-сурет).
Қоршаған орта жағдайлары белгіленген температура
ауқымынан тыс болған кезде құрал мен
аккумуляторларды пайдалануға дайын болғанша
желдетілетін орында сақтаңыз.
ӨШЕДІ.
Құрылғы
335

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents