Dremel DSM20 Original Instructions Manual page 19

Hide thumbs Also See for DSM20:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
құралының кабелін оны тасу, тарту немесе қуат
көзінен ажырату үшін пайдаланбаңыз. Сымды
жоғары температурадан, май, өткір шеттер
немесе жылжымалы бөлшектерден алшақ
ұстаңыз. Зақымдалған немесе шатасқан сымдар
электр тогының соғу қаупін арттырады.
e. Электр құралын сыртта пайдаланған кезде,
далада пайдалануға болатын ұзартқыш сымды
пайдаланыңыз. Далада пайдалануға болатын
сымды пайдаланғанда электр тогының соғу қаупі
азаяды.
f.
Ылғал жерде электр құралын пайдалануға
тура келсе, қорғанысты өшіру құрылғысымен
(ҚӨҚ) қорғалған жабдықты пайдаланыңыз. ҚӨҚ
пайдаланғанда электр тогының соғу қаупі азаяды.
ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК
a. Электр құралын пайдаланған кезде абай
болыңыз, не істеп жатқаныңызға қараңыз
және зейін қойыңыз. Шаршап тұрсаңыз немесе
есірткі, ішімдік немесе дәрі-дәрмек қабылдаған
болсаңыз, электр құралын пайдаланбаңыз.
Электр құралдарын пайдаланған кезде
алаңғасарлық салдарынан жеке ауыр жарақат
алуыңыз мүмкін.
b. Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз.
Әрқашан көзді қорғау бұйымын киіңіз. Шаңнан
қорғайтын маска, сырғанамайтын арнайы аяқ-киім,
каска немесе есту мүшесін қорғайтын бұйым
сияқты қорғаныс жабдығын тиісті жағдайларда
пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі азаяды.
c. Электр құралының абайсызда іске қосылуына
жол бермеңіз. Электр құралдарын тасымалдауда
қоректендіру көзінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз. Электр құралдарын қосқышынан
ұстап тасымалдау немесе қосқыш қосулы күйде
қуаттандыру салдарынан оқыс оқиғалар орын
алуы мүмкін.
d. Электр құралын іске қоспас бұрын оны реттеу
үшін пайдаланған барлық құралдар мен
кілттерді алып тастаңыз. Электр құралының
айналатын бөлігіндегі құралдар мен кілттер дене
жарақатына себеп болуы мүмкін.
e. Жұмыс кезінде электр құралын қатты тартпаңыз.
Тұрақты қалыпта тұрыңыз және тепе-теңдік
сақтаңыз. Бұл кездейсоқ жағдайларда электр
құралын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.
f.
Арнайы киім киініңіз. Кең киім кимеңіз және
әшекей тақпаңыз. Шашыңызды, киіміңізді және
қолғабыңызды жылжымалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын
шаш жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
g. Құралдармен бірге шаң сору және шаң жинау
жүйесі қамтамасыз етілсе, олардың дұрыс
жалғанып, пайдаланылатынына көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыштарды пайдалану шаңға қатысты
қауіптерді азайтады.
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮТІМ
КӨРСЕТУ
a. Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз.
Электр құралын тек мақсатына сай
пайдаланыңыз. Дұрыс электр құралы өзінің
арнайы жылдамдығында жұмысты едәуір тиімді
әрі қауіпсіз орындайды.
b. Қосқышы зақымданған электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосқыш арқылы басқарылмайтын
кез келген электр құралы қауіпті және оны жөндеу
қажет.
c. Реттеу әрекеттерін орындау, аксессуарларды
өзгерту немесе жұмысты аяқтаудан кейін
штепсельді қуат көзінен және/немесе батареядан
ажыратыңыз. Мұндай сақтық шаралары электр
құралының кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
d. Пайдаланбайтын электр құралдарын
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Электр құралымен немесе осы нұсқаулармен
таныс емес адамға құралды пайдалануға рұқсат
бермеңіз. Электр құралдары жаттықтырылмаған
пайдаланушылар қолында қауіп тудырады.
e. Электр құралдарына техникалық қызмет
көрсетіңіз. Жылжымалы бөлшектердің қисаюын
немесе шатасуын, бөлшектердің бұзылуын және
механикалық құралдардың жұмысына әсер етуі
мүмкін барлық жағдайды тексеріңіз. Зақым бар
болса, электр құралын пайдаланбас бұрын,
оны жөндеңіз. Көптеген оқыс оқиғалар электр
құралдарына дұрыс емес техникалық қызмет
көрсету салдарынан орын алады.
f.
Кескіш құралдарды өткір және таза күйде
ұстаңыз. Тиісті түрде техникалық қызмет
көрсетілген шеттері өткір кескіш құралдар бүгіліп
қалмайды және оларды басқару оңай болады.
g. Жұмыс жағдайларын және орындау қажет
жұмысты назарға ала отырып, электр құралын,
аксессуарларды және алмалы-салмалы
кескіштерді және т. б. осы нұсқауларға сәйкес
пайдаланыңыз. Электр құралын мақсатты
пайдаланудан басқаша пайдаланғанда қауіпті
жағдай орын алуы мүмкін.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
a. Электр құралына қызмет көрсету жұмысын тек
түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланатын
білікті маманға тапсырыңыз. Бұл электр құралы
қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
АСПАПТЫҢ АРНАЙЫ ҚАУІПСІЗДІК
ЕСКЕРТУЛЕРІ
ШАҒЫН КЕСКІШ БІЛДЕККЕ ҚАТЫСТЫ ҚАУІПСІЗДІК
ЕСКЕРТУЛЕРІ
a. Құралмен бірге берілген қаптама операторға
дөңгелектің аз бөлігі ғана бағытталатындай
етіп, бекітілген және максималды қауіпсіз
орнатылған болуы қажет. Айналатын дөңгелек
жазықтығынан өзіңіз және айналадағы адамдар
алшақ тұруы қажет. Қаптама операторды сынған
дөңгелек сынықтарынан және дөңгелектің
кездейсоқ тиіп кетуінен қорғауға көмектеседі.
b. Электр құралы үшін тек жапсырылып бекітілген
немесе алмазды ою дөңгелегін пайдаланыңыз.
Қондырманы тек электр құралына бекіту мүмкін
болғандықтан, ол қауіпсіз жұмыс істеуіне кепілдік
бермейді.
c. Қондырмалар үшін ұйғарынды айналу
жылдамдығы электр құралында белгіленген
максималды айналымдар жылдамдығынан
кем болмауы қажет. Белгіленген жылдамдықтан
жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін қондырма
бұзылып, ұшып кетуі мүмкін.
d. Дөңгелектерді тек ұсынылған мақсаттарда
пайдалану қажет. Мысалы: ою дөңгелегінің
шетімен тегістемеңіз. Ысқыш ою дөңгелектері
перифериялық тегістеуге арналған, осы
дөңгелектерге қолданылған бүйірлік күштер
оларды сындыруы мүмкін.
e. Әрқашан таңдалған дөңгелек үшін диаметрі
сәйкес келетін зақымдалмаған дөңгелек
фланецтерін пайдаланыңыз. Тиісті дөңгелек
фланецтері дөңгелектің сыну мүмкіндігін
азайтатындай етіп дөңгелекке қолдау көрсетеді.
19

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents