Bosch GWS 22-180 LVI Original Instructions Manual page 156

Hide thumbs Also See for GWS 22-180 LVI:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 11
OBJ_BUCH-1528-002.book Page 156 Wednesday, July 31, 2013 10:38 AM
156 | Қaзақша
 Кесу шеңбері сыналанған жағдайда кері соққы
мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен
дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз
салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп
жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу
керек.
 Қабырғаларда және көрінбейтін аумақтарда кесуді
орындау кезінде әсіресе сақ болыңыз. Ендірілетін
кесу шеңбері кесу кезінде су құбырына, электр
сымдарына және басқа нысандарға тиюі, бұл кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Егеуқұм қағазымен тегістеу кезіндегі
қауіпсіздік техникасы туралы арнайы
нұсқаулар
 Өлшемі үлкенірек егеуқұм қағазын
пайдаланбаңыз, өндірушінің егеуқұм қағазының
өлшемдеріне қатысты нұсқауларын басшылыққа
алыңыз. Тегістеу тәрелкесінің жиегінен шығып тұрған
егеуқұм қағазы сыналанудың, жарақаттардың, тегістеу
шеңберінің сынуының себебі болуы мүмкін немесе кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Сымды қылшақты (щетканы) пайдаланудағы
арнайы қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Сымды қылшақтың әдеттегі пайдалануда да сым
жоғалтуын есте сақтаңыз. Сымдарды қатты басып
артық жүктемеңіз. Шашылып тұрған сымдар киім
және/немесе теріге қадалуы мүмкін.
 Қорғаныш қаптамасының сымды қылшақпен
жанасуына жол бермеңіз. Тәрелке және тостаған
тәрізді щеткалардың диаметрі басу қысымының және
центрифугалық күштердің әсерінен артуы мүмкін.
Басқа да қауіпсіздік және жұмыс
нұсқаулықтары
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
 Қорғасын бояу, ағаш, минерал және металдың
кейбір түрлерінің шаңы денсаулыққа зиян болып,
аллергиялық реакция, тыныс алу жолдары
ауруларына және рак ауруына алып келуі мүмкін.
Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі
мүмкін.
1 609 92A 0B9 | (31.7.13)
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе
қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса,
электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек,
мекенжайларды „Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері" тарауынан қараңыз.
 Қорғағыш қаптаманы ұшқындардың оператор
жағына қарай ұшпайтындай етіп орнатыңыз.
 Қорғайтын қаптама құлпының тартылу күшін реттеу
бұрандасын босату немесе тарту арқылы өзгертуге
болады. Қорғайтын қаптаманың тұрақты тұруына көз
жеткізіп оны жүйелік түрде тексеріңіз.
 Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
 Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдау мүмкін.
 Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш
қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей
айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
 Электр құралын мобильды электр көздермен
(генераторлар) пайдалануда қосулы кезінде қуаттың
төмендеуіне немесе әдеттегі болмаған әрекеттерге
алып келуі мүмкін.
 Егер электр құралы тек қатты төмендеген айналымдар
санымен жұмыс істесе кері соққы өшіру керек
болмайды. Егер электр құралы қосудан кейін бірден
толық айналымдар санымен айналса, онда бұл іске қосу
тогын шектеудің, қайтадан қосылудан қорғаудың және
кері соққы кезінде өшірудің істен шыққанын білдіреді.
Электр құралды бірден сервистік қызметке жіберу
керек, мекенжайларды „Тұтынушыға қызмет көрсету
және пайдалану кеңестері" тарауынан қараңыз.
 Егер желіде энергиялық қысқа пульстар болса, әдетте
бұл найзағай кезінде болады, электр құралының кері
соққы өшуі белсенді болуы мүмкін. Бұл жағдайда
электр құралы өшеді, бірақ бірден қайта іске қосылуы
мүмкін.
Пайдаланбасаңыз желі айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралы желі айыры салынып желіде кернеу
барысында өшірулі күйде да аздап тоқ тұтынатынын
ескеріңіз.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents