Тоңазытуға Қатысты Ақыл-Кеңес; Тоңазытқыштың Ішкі Температурасына Қатысты Ақыл-Кеңес - AEG Electrolux S86348KG1 User Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

• жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
• тағамның бетін жабыңыз не оны орап салыңыз, әсіресе ол өткір иісті
болса
• тағамды ауа оның айналасында еркін айнала алатындай етіп
орналастырыңыз
Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы кеңестер:
Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға орап көкөніс суырмасының
үстіңгі жағындағы шыны сөреге қойыңыз.
Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек бір, көп дегенде екі күн ғана
сақтау керек.
Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.: бұлардың бетін жауып кез келген
сөреге қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды мұқият тазалап арнайы сөреге (лер)
салу қажет.
Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа өткізбейтін сауыттарға салып
не алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, мүмкіндігінше ауа
өткізбеуге тырысу қажет.
Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын жауып, есіктегі бөтелке
қойылатын қатарға қою қажет.
Оралмаған банан, картоп, пияз бен сарымсақты тоңазытқышта ұстауға
болмайды.
Тоңазытқыштың ішкі температурасына қатысты ақыл-кеңес
Тоңазытқыштың тиімді ішкі температурасы шамамен +5° C градусқа тең.
Температура тетігі +5°C градусқа қойылса, тоңазытқыш ішінде орташа
температура орнағаны көрсетіледі. Тоңазытқыштың үстіңгі жағындағы
температураның жоғары болуы қалыпты жағдай. Астыңғы жағындағы
температураның төмен болуы да қалыпты жағдай.
Егер температура тетігі суық температураға қойылса, бөлме
температурасы жоғары болады немесе тоңазытқышқа тағам толтырып
салынса, компрессор ұзағырақ жұмыс жасайды. Тым суық болса,
температураны жоғары мәнге қойыңыз.
Тағамды температура сенсорына қарсы
немесе оған жақын қоймаңыз. Себебі
тым суық температура орнауы мүмкін.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
67

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

S86340kg1

Table of Contents