Philips AT941 User Manual page 90

Hide thumbs Also See for AT941:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАЗАҚША
90
Зарядтау уақыты
Ескерту
-
Ұстараны 80°C-тан жоғары ыстық сумен шаюға болмайды.
-
Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін,
судың ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
-
Ұстара және басқа бөлшектерді ыдыс жуғышта жууға болмайды.
-
Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы тесіктен
су ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі
бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
-
Зақымданған ұстараны, адаптерді немесе басқа
бөлікті пайдаланбаңыз, себебі бұл жарақаттауы мүмкін. Зақымданған
адаптерді немесе зарядтау тұғырын міндетті түрде түпнұсқалық
түрінің бірімен ауыстырыңыз.
-
Құралды тек 10°C және 35°C температура аралығында ғана
қолдануға, зарядтауға және сақтауға болады.
-
Ұстараны міндетті түрде сұйықтық өткізбейтін бетке қойып,
пайдаланыңыз.
-
Тек берілген адаптерді, зарядтау тұғырын және қосалқы құралдарды
пайдаланыңыз.
-
Саяхаттау кезінде қырыну бастарын сақтау үшін, оның үстіне
қорғаныш қалпағын кигізіп қойыңыз.
-
Егер ұстара температура, қысым немесе ылғалдылық өзгерісіне
ұшыраса, оны пайдаланбастан бұрын, ортаға бейімделу үшін 30
минуттай қойыңыз.
-
Зарядтау тұғырын суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға да, ағын
сумен шаюға да болмайды.
Стандарттарға сәйкестігі
-
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты
барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Жалпы ақпарат
-
Құралда кернеудің автоматты таңдағышы бар, сондықтан, кернеуі
100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға жалғауға болады.
-
Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.
Зарядтау
Ескертпе: Электр ұстараны розеткаға тікелей жалғап пайдалануға
болмайды.
Ұстараны алғаш рет немесе ұзақ уақыт бойы қолданбағаннан соң
зарядтағанда, зарядтау шамы тоқтаусыз жанғанша зарядтаңыз.
Ұстараны зарядтау уақыты үшін төмендегі кестені қараңыз.
1 сағат
AT941, AT940, AT897
AT894, AT891
AT890, AT811
8 сағат
AT899, AT896, AT756
AT753, AT751, AT750

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents