Bosch Professional GWS 18V-7 Original Instructions Manual page 251

Hide thumbs Also See for Professional GWS 18V-7:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 19
Ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (9)
u
байланыстырылған кескіш дискілермен кесу
жұмыстары үшін пайдаланған кезде, дискілер
сынған жағдайда, ұшқын мен бөлшектер және диск
бөліктері тиюінің артқан қаупі туындайды.
Кескіш дискімен кескенде біркелкі, материал үшін дұрыс
беріліспен жұмыс істеңіз. Кескіш дискіге қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанда кескіш дискіні
тоқтатпаңыз.
Тасты кесу
Тасты материалдарды тас/бетонға арналған
u
байланыстырылған кескіш дискілермен немесе
алмас кескіш дискілермен кескен кезде әрдайым
кесуге арналған бағыттауыштары бар сорғыш
қаптаманы (24), кесуге арналған қорғаныш
қаптаманы (10) немесе ажарлауға арналған
қорғаныш қаптаманы (9) монтаждалған кесуге
арналған қаптамамен бірге пайдаланыңыз (11).
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
u
Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу
u
үшін пайдалануға болады.
Кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (10),
u
ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (9)
немесе ажарлауға арналған қорғаныш
қаптаманы (9) монтаждалған ажарлауға арналған
қаптамамен (11) бірге бетон немесе кіркіш
қалауда кесу және ажарлау әрекеттері үшін
пайдаланған кезде, асқын шаң жүктемесі пайда
болады және кері соққыға әкелуі мүмкін электр
құралын бақылау мүмкіндігінен айырылудың
артқан қаупі туындайды.
Тасты кесу үшін алмас кескіш дискілерді пайдаланған
жөн.
Бағыттауыштары бар қорғаныш қаптаманы (24)
пайдалану үшін тас шаңын сорып алу үшін шаңсорғышты
пайдалану керек. Bosch арнайы шаңсорғыштарды
ұсынады.
Bosch Power Tools
Электр құралын әрқашан
айналу бағытына қарсы
жүргізу керек. Әйтпесе
бақылаусыз кесілген
жерден шығу қаупі
туындайды.
Профильдерді немесе
төрт қырлы құбырларды
кесу кезінде кесуді ең аз
көлденең қимада
бастаңыз.
бетонды өңдеу кезінде алмас кескіш диск қызып кетуі
және зақымдалуы мүмкін. Алмас кескіш дискідегі ұшқын
осыны білдіреді.
Осы жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас кескіш
дискіні бос жүріс күйінде, ең жоғары жылдамдықта қысқа
уақыт салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және пайда болатын
ұшқын алмас кескіш дискінің дөкір болғанын білдіреді.
Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште
қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.
Басқа материалдарды кесу
Пластик, композиттік материалдар және т.с.с.
u
материалдарды байланыстырылған кескіш
дискілермен немесе Carbide Multi Wheel кескіш
дискілерімен кескен кезде әрдайым кесуге
арналған қорғаныш қаптаманы (10) немесе
ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (9)
монтаждалған кесуге арналған қаптамамен (11)
бірге пайдаланыңыз. Бағыттауыштары бар сорғыш
қаптаманы (24) пайдалану арқылы шаңның
жақсырақ сорылуына қол жеткізесіз.
Алмас бұрғылау коронкаларымен жұмыс істеу
Құрғақ алмас бұрғылау коронкаларын
u
пайдаланыңыз.
Алмас бұрғылау коронкаларымен жұмыстар өткізу
u
үшін әрдайым қол қорғанысын (23) монтаждаңыз.
Алмас бұрғылау коронкасын дайындамамен параллель
етіп орнатпаңыз. Дайындаманы еңкейтіп және айналмалы
қозғалыстармен батырыңыз. Ослайша алмас бұрғылау
коронкасының оңтайлы суытылуына және ұзақ жарамдық
мерзіміне қол жеткізесіз.
Статика туралы нұсқаулар
Көтергіш қабырғалардағы ойықтар ұлттық
нормативтермен реттеледі. Бұл нұсқауларды міндетті
түрде орындау керек. Жұмысты бастамас бұрын статика
жөніндегі маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен
кеңесіңіз.
Іске қосу
Қосу/өшіру
Электр құралын Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (4)
алға жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішті (4) орнату үшін қосқыш/өшіргішті (4)
төменге тірелгенше басыңыз.
Қазақ | 251
Электр құралын өшіріңіз
және бағыттауыштардың
алдыңғы бөлігімен
бөлшекке орнатыңыз.
Электр құралын біркелкі,
материалға сәйкес
беріліспен жылжытыңыз.
Құрамында қиыршық тас
өте көп болатын аса қатты
материалдарды, мысалы,
1 609 92A 76N | (30.11.2022)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents