Mitsubishi Electric Mr.SLIM PLA-ZM71EA2 Operation Manual page 37

Hide thumbs Also See for Mr.SLIM PLA-ZM71EA2:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
1. Қауіпсіздік шаралары
Ескерту:
• Кондиционерді орнату немесе басқа жерге қою не оған қызмет
көрсету кезінде суық агент желілерін толтыру үшін тек сыртқы
блокта жазылған белгілі суық агентті пайдаланыңыз. Оны басқа
суық агентпен араластырмаңыз және желілерде ауаның қалуына
жол бермеңіз.
Егер ауа суық агентпен араласса, онда бұл суық агент желісіндегі
жоғары қысымға себеп болуы мүмкін және жарылыс пен басқа да
қауіптерге әкелуі мүмкін.
Осы жүйеге арналған суық агенттен басқа суық агентті пайдалану
салдарынан механикалық зақым келіп, жүйе ақаулы болып,
құрылғы бұзылады. Ең ауыр жағдайда, ол өнімнің қауіпсіздігіне
елеулі шамада қатер төндіруі мүмкін.
• Бұл құрылғыны сыртқы блокты орнату бойынша нұсқаулықта
көрсетілген еден кеңістігінен асатын бөлмелерде орнату қажет.
Сыртқы блокты орнату бойынша нұсқаулықты қараңыз.
Сақ болыңыз:
• Түймелерді басу үшін ешқандай өткір затты пайдаланбаңыз,
себебі бұл қашықтан басқару пультін зақымдауы мүмкін.
• Ішкі немесе сыртқы блоктың кірістерін немесе шығыстарын
ешқашан бұғаттамаңыз немесе жаппаңыз.
• Қашықтан басқару пультін ешқашан бензинге, еріткішке
батырылған шүберектермен және басқа заттармен сүртпеңіз.
• Құрылғыны ұзақ уақыт бойы жоғары ылғалдылықта, мысалы,
есікті немесе терезені ашық қалдырғанда пайдаланбаңыз.
Салқындату режимінде, егер құрылғы ұзақ уақыт бойы
ылғалдылығы жоғары бөлмеде (80 % СЫ немесе одан көп)
пайдаланылса, кондиционерде конденсацияланған су тамшылап,
жиһаз сулануы немесе зақымдануы және т. б. мүмкін.
• Өндіруші ұсынғандардан басқа, еріту немесе тазарту процесін
жылдамдатуға арналған құралдарды пайдаланбаңыз.
• Құрылғы тұрақты түрде жанып тұратын көздер (мысалы: ашық
жалын, газ құрылғысы немесе электр жылытқышы) жоқ бөлмеде
сақталуы керек.
• Теспеңіз немесе күйдірмеңіз.
• Суық агенттің иісі болмауы керектігін ескеріңіз.
• Жұмыс кезінде ауа шығатын қалақшаны ұстамаңыз. Әйтпесе,
конденсация түзілуі мүмкін және құрылғы жұмысын тоқтатуы
мүмкін.
Құрылғыны кәдеге жарату
Құрылғыны кәдеге жарату қажет болған кезде, дилерге хабарласыңыз.
kk
2

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Mr.slim pla-zm ea series

Table of Contents