Маңызды Ақпарат - Panasonic ES-LV97 Operating Instructions Manual

Rechargeable shaver
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Маңызды ақпарат
• Бұл электр ұстараны ылғал және құрғақ қырыну кезінде
де қолдануға болады. Бұл су өтпейтін ұстараны душта
қолдануға және қырынып болған соң сумен шайып
тазалауға болады. Төменде көрсетілген белгі ваннада
немесе душта қолдануға болатынын білдіреді.
• Көпіршікпен ылғал қырынуды кемінде үш апта
пайдаланып көрсеңіз, өз теріңіздің өзгергенін байқайсыз.
Panasonic ұстарасының ылғал/құрғақ режимін қолдануды
үйренуге біраз уақыт қажет, себебі сіздің теріңіз бен
сақалыңыз қырынудың жаңа әдісіне үйренуіне шамамен
бір ай уақыт қажет етеді.
• Жүйенің сыртқы торша жүйесін қатты заттарға тигізбеңіз.
Бұлай істеу жүздерді зақымдауы мүмкін, өйткені олар
өте жұқа және пішінін оңай өзгертеді.
• Негізгі блокты кептіргішпен немесе вентиляторлық
жылытқышпен кептірмеңіз.
Бұлай істеу ақаулыққа немесе бөліктердің пішінінің
өзгеруіне әкелуі мүмкін.
• Ұстараның торша жиегін ажыратылған күйде тік күн
сәулелерінің астында қалдырмаңыз.
Бұның салдарынан су өткізбейтін резеңке тозып, су
оқшаулағыш функциясының нашарлауына әкеліп,
ақаулық тудыруы мүмкін.
• Ұстараны қолданғаннан кейін құрғақ жерде сақтаңыз.
Бұлай істемеу тоттың немесе будың жиналуынан,
ақаулық тудыруы мүмкін.
98
• Жуғыш затты температуралары жоғары жерде
қалдырмаңыз.
Бұлай істеу тозуды тудыруы мүмкін.
• Ішкі жүздерінің екеуі де салынғанын тексеріңіз. Ішкі
жүздің біреуі ғана салынған болса электр ұстарасы
зақымдалу мүмкін.
• Ұстараны сумен тазалаған кезде, тұзды не ыстық суды
қолданбаңыз. Ұстараны ұзақ уақытқа суға батырып
қалдырмаңыз.
• Келесі таңба электр құрылғыны электр желісіне қосу
үшін арнайы ажыратылмалы қуатпен қамту құралы керек
екенін көрсетеді. Қуатпен қамту құралының түрі
таңбаның жанында белгіленген.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents