Makita VR001C Instruction Manual page 132

Battery powered concrete vibrator
Hide thumbs Also See for VR001C:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ЖАЛПЫ ЭЛЕКТР ҚҰРЫЛҒЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК
ЕСКЕРТУ:
Барлық қауіпсіздік ескертулерін
және барлық нұсқауларды оқып шығыңыз.
Ескертулер мен нұсқауларды орындамау электр
тогының соғуына, өртке және/немесе ауыр
жарақатқа әкелуі мүмкін.
Барлық ескертулер мен
нұсқауларды болашақта қарау үшін
сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі «электр құрылғы» термині сіздің электр
желісінен (сыммен) жұмыс істейтін электр құрылғысын
немесе аккумулятормен (сымсыз) жұмыс істейтін
электр құрылғысын білдіреді.
Жұмыс аймағындағы қауіпсіздік
техникасы
1.
Жұмыс аймағын таза және жарық күйде ұстаңыз.
Бөгеулері көп немесе қараңғы аймақтар апатқа
әкелуі мүмкін.
2.
Электр құрылғысын тұтанғыш сұйықтықтар, газ
немесе шаң бар жерлер сияқты жарылу қаупі бар
атмосферада пайдалануға болмайды. Электр
құрылғысы шаңды немесе түтінді тұтандырып
жіберетін ұшқын шығаруы мүмкін.
3.
Балалар мен жан-жағыңыздағы адамдарды
жұмыс істеп тұрған электр құрылғысына
жақындатпаңыз. Кедергілердің салдарынан
құрылғыға ие бола алмай қалуыңыз мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
4.
Электр құрылғысының ашалары розеткаларға
сай келуі тиіс. Ашаны ешқашан өзгертуге
болмайды. Адаптер ашаларын жерге қосылған
электр құрылғыларымен пайдалануға болмайды.
Өзгертілмеген ашалар және оларға сәйкес
келетін розеткалар электр тогының соғу қаупін
азайтады.
5.
Құбыр, радиатор, плита және тоңазытқыш сияқты
жерге қосылған беттерге денеңізді тигізбеңіз.
Денеңіз жерге қосылған құрылғыға тисе, электр
тогының соғу қаупі жоғары болады.
6.
Электр құрылғыларын жаңбырдың астында
немесе ылғал жерде ұстамаңыз. Электр
құрылғының ішіне су кірсе, электр тогының соғу
қаупі жоғары болады.
7.
Баусымды дұрыс пайдаланыңыз. Электр
құрылғыны баусымынан көтеруге, тартуға
немесе розеткадан ажыратуға болмайды.
Баусымды ыстық, майлы, үшкір шеттерден
немесе жылжымалы бөлшектерден алыс
ұстаңыз. Баусым зақымдалған немесе шатасқан
болса, электр тогының соғу қаупі жоғары болады.
ЕСКЕРТУЛЕРІ
8.
Электр құрылғысын сыртта пайдалансаңыз,
сыртта пайдалануға болатындай ұзартқышты
пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды
баусымды пайдалану электр тогының соғу қаупін
азайтады.
9.
Электр құрылғыны ылғал жерде пайдаланбау
мүмкін емес болса, жерге қысқа тұйықталуды
а ж ы р а т қ ы ш т ы п а й д а л а н ы ң ы з . С ы р т т а
пайдалануға жарамды жерге қысқа тұйықталуды
ажыратқышты пайдалану электр тогының соғу
қаупін азайтады.
Жеке қауіпсіздік
10. Эл е к т р қ ұ р ы л ғ ы н ы п а й д а л а н ғ а н к ез д е
абайлаңыз, ақылға салып, ісіңізге мұқият
болыңыз. Шаршап тұрған кезде немесе есірткінің,
алкогольдің немесе дәрі-дәрмектің әсерімен
электр құрылғыны пайдаланбаңыз. Электр
құрылғыларды пайдаланып жатқан кезде
назарыңыз бір сәтке басқа нәрсеге аударылғанда
өте үлкен жеке жарақатқа әкелуі мүмкін.
11.
Жеке сақтандыру құралын пайдаланыңыз. Көзді
қорғау құралдарын үнемі тағып жүріңіз. Тиісті
жағдайларда қолданылатын шаң маскасы,
сырғанамайтын аяқ киім, каска немесе есту
мүшесін қорғау құралы сияқты қорғаныс
құралдары жеке жарақаттарды азайтады.
12. Кездейсоқ іске қосылуға жол бермеңіз. Қуат көзіне
және/немесе аккумулятор блогына қосу, құралды
алу немесе тасымалдау алдында ажыратқыштың
өшірулі күйде екеніне көз жеткізіңіз. Электр
құрылғыларын саусағыңызбен ажыратқышты
басып жүру немесе ажыратқышы бар электр
қ ұ р ы л ғ ы л а р ы н қ у ат т а н д ы р у ж а з ат а й ы м
оқиғаларға әкеледі.
13. Эл е к т р қ ұ р ы л ғ ы с ы н қ о с а р а л д ы н д а к ез
келген реттеу кілтін шығарып алыңыз. Электр
құрылғысының айналатын бөлігіне бекітілген кілт
адам жарақатына әкелуі мүмкін.
14. Қолыңызды қатты созатын жерге құрылғыларды
қоймаңыз. Аяқтың тиісті тіреуін және тепе-теңдікті
сақтаңыз. Бұл күтпеген жағдайларда электр
құрылғыларын жақсырақ басқаруға мүмкіндік
береді.
15. Дұрыс киім киіңіз. Кең киім кимеңіз немесе
зергерлік бұйымдарды тақпаңыз. Шашыңызды,
киіміңізді және қолғабыңызды қозғалатын
бөліктерден алыс ұстаңыз. Кең киім, зергерлік
бұйым, ұзын шаш жылжымалы бөліктерге
қысылып қалуы мүмкін.
16. Құрылғыны шаң шығару және жинау нысандарын
қосу үшін пайдаланатын болсаңыз, оларды дұрыс
қосып, пайдаланғаныңызға көз жеткізіңіз. Шаң
жинағышты пайдалану шаңмен байланысты
қауіптерді азайтуы мүмкін.
132 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Vr002cVr003cVr004c

Table of Contents