Philips SensoTouch 3D RQ1250/16 User Manual page 92

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
4
Тазалау бағдарламасын іске қосу үшін, Jet Clean жүйесіндегі қосу/
өшіру түймесін басыңыз.
, Электр ұстараның дисплейі зарядтау барысын көрсетуді
тоқтатады.
, Тазалау шамы жыпылықтап, электр ұстара автоматты түрде
тазалау сұйықтығына батырылады.
, Тазалау шамы бірнеше минутқа созылатын тазалау бағдарламасы
барысында жыпылықтап тұрады.
Ескертпе RQ1007: тазалау бағдарламасы 4-6 минут алады.
Ескертпе RQ1008: «Авто» және «Эко» бағдарламалары 4-6 минут
алады. Ал қарқынды тазалау бағдарламасы шамамен 35 минут жұмыс
істейді.
, Тазалау бағдарламасының бірінші кезеңінде, электр ұстара
бірнеше рет автоматты түрде қосылып, өшеді және жоғары,
төмен жылжиды.
, Тазалау бағдарламасының екінші кезеңінде, электр ұстара кептіру
позициясына қойылады. Бұл кептіру белгісінің жыпылықтауы
арқылы көрсетіледі. Бұл кезең шамамен 2 сағатқа созылады.
Электр ұстара бұл позицияда бағдарлама аяқталғанша тұрады.
Ескертпе RQ1008: «Эко» бағдарламасы таңдалған кезде, кептіру кезеңі
1 сағат уақыт алады.
, Тазалау бағдарламасы аяқталғаннан кейін, ұстараның дисплейінде
зарядтау көрсеткіші пайда болады («Дисплей» тарауын қараңыз).
Ескертпе Jet Clean жүйесіндегі қосу/өшіру түймесі тазалау
бағдарламасы барысында басылса, бағдарлама тоқтайды. Бұл жағдайда,
тазалау немесе кептіру шамы жыпылықтауын қойып, ұстағыш ең
жоғарғы позициясына жылжиды.
Ескертпе Тазалау барысында адаптер қабырға розеткасынан
ажыратылса, бағдарлама тоқтайды. Ұстағыш ағымдағы
позициясында қалады. Адаптер қабырға розеткасына қайтадан
жалғанғанда, ұстағыш ең жоғарғы позициясына жылжиды.
- Тазалау сұйықтығының деңгейі ең төменгі көрсеткіштен төмен
түскенде, «тазалау орны бос» белгісі жыпылықтап, ұстағыш
бастапқы позициясына оралады.
- Егер Jet Clean жүйесін ұстараны тазалау үшін күнделікті қолданатын
болсаңыз, тазалау камерасын шамамен 15 күн сайын толтырып
тұруыңыз қажет болады.
ҚазаҚша
91

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents