Bosch 06019B5300 Original Instructions Manual page 135

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 11
OBJ_BUCH-1461-004.book Page 135 Thursday, August 25, 2016 8:32 AM
 Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі
түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы
ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр
қауіпін тудыруы мүмкін.
 Электр құралын ешқашан жанғыш материалдар
жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл
материалдарды жандыруы мүмкін.
 Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін
құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа
салқындатқыш сұйықтықтарды пайдалану ток соғуына
әкелуі мүмкін.
Кері соққы және сәйкес қауіпсіздік техникасының
ережелері
 Кері соққы сыналанып, тұрып қалған немесе айналып
жатқан орнатылған құралдың, мысалы, тегістеу
шеңберлерінің, тегістеу таспасының, сымды
щеткалардың және т.б. кенет реакциясының нәтижесі
болып табылады. Тұрып қалу немесе сыналану
айналып жатқан құралдың кенет тоқтап қалуына
әкеледі. Бұл кезде бақыланбайтын электр құрал
алмалы-салмалы аспап айналу бағытына қарсы
жылдамданады.
Тегістеу шеңбері бұғатталса немесе дайындамада
тұрып қалса, онда дайындамаға кіргізілген тегістеу
шеңберінің жиегі қысылып қалуы және нәтижесінде
шеңбердің дайындамадан ыршуына немесе кері
соққыға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бұғатталу орнындағы
шеңбердің бағытына байланысты тегістеу шеңбері
операторға немесе одан ары қозғалады. Тегістеу
шеңбері сынуы мүмкін.
Кері соққы электр құралды дұрыс пайдаланбаудың
немесе оператор қатесінің салдары болып табылады.
Мұны төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын
қолдану арқылы болдырмауға болады.
 Электр құралды берік ұстаңыз, денеңіз кері
соққыларды ұстап қалатындай қалыпта болуы
керек. Пайдаланушы тиісті шаралар арқылы керу соғу
күштерін бақылауы керек.
 Бұрыштарда, үшкір жиектерде және т. б. әсіресе
абайлап жұмыс істеңіз. Жұмыс құралының
дайындамадан ыршуын және сыналануын
болдырмаңыз. Айналып жатқан жұмыс элементі
бұрыштарда, үшкір жиектерде және ыршу кезінде
сыналануға бейім. Бұл бақылауды жоғалтуды және кері
соққыны тудырады.
 Тістік ара полотносын пайдаланбаңыз. Мұндай
жұмыс құралдары жиі кері соққының немесе электр
құралды бақылауды жоғалтудың себебіне айналады.
 Алмалы-салмалы аспапты материалға әрдайым
кесетін қыры материалдан шаққан бағытта
апарыңыз (жоңқа лақтырылатын бағытқа сай
болады). Электр құралын дұрыс емес бағытта
апарсаңыз, алмалы-салмалы аспаптың кесетін қыры
дайындамадан шығып, электр құрал осы жылжыту
бағытында тартылады.
Bosch Power Tools
 Айналма егеуді пайдалануда дайындаманы қатты
қысыңыз. Ойық аз ойылған болса да алмалы-салмалы
аспап ілініп кері соғуға алып келуі мүмкін. Айналма егеу
ілінсе сайман жинағы ойықтан шығып кетіп, электр
құралының бақылауын жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Ажарлау үшін арнайы қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Тек осы электр құралына арналған тегістеу
саймандары мен тек ұсынылған жұмыстар үшін
пайдаланыңыз. Мысал: Кесу шеңберінің жанымен
ешқашан тегістемеңіз. Кесу шеңберлері материалды
жиекпен алуға арналған. Бүйірлік күштер әсер етсе осы
абразивті құрал сынуы мүмкін.
 Конус пен тік бұрандалы тегістеу біліктері үшін тек
дұрыс өлшем және ұзындықтық, дөңесінде ойығы
жоқ зақымдалмаған тиектерді пайдаланыңыз.
Сәйкес тиектер сыну қауіпін кішірейтеді.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған.
Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін
емес.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch
өніміңізде пайдаланыңыз. Тек осы жағдайда
аккумулятор ауыр шамадан тыс жүктемелерден
қорғалған болады.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
1 609 92A 2MT | (25.8.16)
Қaзақша | 135

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional ggs 18 v-li06019b5303

Table of Contents