Bosch 06015A4000 Instructions Manual page 109

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 11
OBJ_BUCH-2577-002.book Page 109 Thursday, September 8, 2016 1:13 PM
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch Power Tools GmbH, PT/ECS,
70538 Stuttgart, GERMANY
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering
PT/ECS
Robert Bosch Power Tools GmbH
70538 Stuttgart, GERMANY
Stuttgart, 01.01.2017
Жинау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
 Жонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз.
Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу
қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін.
Тек тұпнұсқалық HM/TC-жонғы пышағын пайдаланыңыз.
Жонғы пышағы қатты металдан (HM/TC) жасалған, 2 жүзі
бар, аударылған болуы мүмкін. Егер кесу қырлары
өтпейтін болса жонғы пышағын 13 алмастыру қажет.
HM/TC-жонғы пышағын қайрау мүмкін емес.
Жонғы пышағын шешу (А суретін қараңыз)
Жонғы пышағын 13 аудару немесе алмастыру үшін пышақ
басын 10 жонғы табандығына 7 параллель болғанша
айналдырыңыз.
 2 бекіту бұрандасын 12 алты қырлы дөңгелек кілтпен
14 шам. 1 – 2 айналымға босатыңыз.
 Қажет болса қысу елементін 11 ағаш сынасы сияқты
сәйкес құралмен жай қағып босатыңыз.
 Ағаш құралмен жонғы пышағын 13 пышақ басынан 10
шетке шығарыңыз.
Жонғы пышағын орнату (В суретін қараңыз)
Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру
немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.
Қажет болса қысу элементінде 11 пышақ орны мен жонғы
пышағын 13 тазалаңыз.
Жонғы пышағын орнатуда ол қысу элементінің 11 бекіту
бағытауышында кедергісіз тұруына көз жтекізіңіз. Жонғы
пышағы жоңғы табандығының ортасында 7 орнатылып
бағытталуы керек. Сосын 2 бекіту бұрандасын 12 алты
қырлы дөңгелек кілтпен 14 тартыңыз.
Ескертпе: Пайдалану алдында бекіту бұрандаларының
бекем тұруын тексеріңіз 12. Пышақ басын 10 қолмен
айналдырып жонғы пышағының еш жерде шығып
тұрмауына көз жеткізіңіз.
Bosch Power Tools
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жоңқа шығатын жерді 3 жүйелі түрде тазалаңыз. Бітелген
жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті құралды
пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т.б.
 Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш
құралын немесе шаң-/жоңқа қабын пайдаланыңыз.
Сыртқы сорғыш (C суретін қараңыз)
Шаңсорғыш шлангын 15 (жабдық) жоңқаларды шығаруға
арналған келте құбырға 3 қосыңыз.
Сорғыш шлангін 15 шаңсорғышқа қосыңыз (жабдықтар).
Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жеке шаңсору (C суретін қараңыз)
Кіші жұмыстарда шаң/жоңқа қабын (жабдықтар) 16 қосуға
болады. Шаң қабының бекіткіштерін жоңқа шығатын
жерге 3 орнатыңыз. Шаңсору әрдайым оңтайлы болуы
үшін шаң/жоңқа қабын 16 уақтылы босатыңыз.
Реттелетін жоңқа шығуы (GHO 26-82 D)
Ауыстыру тұтқышымен 6 жоңқа шығатын жерді 3 оңға
немесе солға ауыстыру мүмкін. Ауыстыру тұтқышын 6
әрдайым соңғы күйде тірелгенше басыңыз. Таңдалған
жоңқа шығу бағытын ауыстыру ауыстыру тұтқышындағы 6
көрсеткі арқылы көрсетіледі.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Жоңқалау тереңдігін реттеу
Айналмалы реттегіш 2 жоңқалау тереңдігін бірқалыпты
ретте 0–1,6 мм-ге (GHO 16-82) немесе 0–2,6 мм-ге
(GHO 26-82 D) жоңқалау тереңдігі шкаласы 1 (Шкала
бөліктері = 0,1 мм) арқылы реттеуі мүмкін.
1 609 92A 36P | (8.9.16)
Қaзақша | 109

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents