Bosch 0 601 5A4 300 Original Instructions Manual page 113

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
Жонғы пышағын орнату кезінде оның қысқыш элементтің
(11) бағыттауышында кедергісіз тұрғанына көз
жеткізіңіз. Жонғы пышағы жонғы табандығының
ортасында (7) орнатылып бағытталуы керек. Содан
кейін 2 бекіту бұрандасын (12) ішкі алты қырлы гайка
кілтімен (14) тартыңыз.
Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіту
бұрандаларының (12) берік бекітілгенін тексеріп
шығыңыз. Пышақ бастиегін (10) қолмен айналдырып,
жонғы пышағының еш жерде шығып тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
Шаңды және жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жоңқа шығатын жерді (3) жүйелі түрде тазалаңыз.
Бітелген жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті
құралды пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т.б.
Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
u
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш
құралын немесе шаң‑/жоңқа қабын пайдаланыңыз.
Сыртқы сорғыш (C суретін қараңыз)
Сорғыш шлангіні (15) (керек-жарақ) жоңқа шығару келте
құбырына (3) жалғаңыз.
Сорғыш шлангіні (15) шаңсорғышқа (керек-жарақ)
жалғаңыз. Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген. Шаңсорғыш
өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Өзіндік сору (C суретін қараңыз)
Кіші жұмыстарда шаң/жоңқа қабын (керек-жарақтар)
(16) қосуға болады. Шаң қабының бекіткіштерін
жоңқаларды шығаруға арналған келте құбырға салыңыз
(3). Шаң/жоңқа қабын (16) өз уақытта босатып,
шаңсоруды оптималды ретте сақтайсыз.
Bosch Power Tools
Таңдамалы жоңқа шығару келте құбыры
(GHO 26-82 D)
Ауыстырып қосу иінтірегінің (6) көмегімен жоңқа шығару
келте құбырын (3) оңға немесе солға ауыстырып қосуға
болады. Ауыстырып қосу иінтірегін (6) әрдайым ақырғы
күйіне тірелгенше басыңыз. Таңдалған жоңқа шығару
бағыты ауыстырып қосу иінтірегіндегі (6) көрсеткі белгісі
арқылы көрсетіледі.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Жоңқалау тереңдігін реттеу
Айналмалы реттегіштің (2) көмегімен жоңқалау
тереңдігін бірқалыпты түрде 0 – 1,6 мм (GHO 16-82)
немесе 0 – 2,6 мм (GHO 26-82 D) аралығында жоңқалау
тереңдігінің шкаласына (1) сәйкес (шкала бөліктері = 0,1
мм) реттеуге болады.
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосылудан
қорғайтын құлыпты (4) басып, содан кейін
ажыратқышты (5) басып тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз.
Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (5) бекітіп
қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты түрде
басып тұру қажет.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Сақтайтын башмак (D суретін қараңыз)
Сақтайтын башмак (25) электр құралын дайындама
немесе жонғы пышағын зақымдау қаупінсіз жұмыс
істеуден соң қоюға мүмкіндік береді. Жұмыс істеуде
сақтайтын башмак (25) жоғарыға қисатылып жонғы
етегінің (7) артқы бөлігі босатылады.
Нұсқау: Сақтайтын башмакты (25) шешуге болмайды.
Жонғы әдісі (D суретін қараңыз)
Қажетті жоңқалау тереңдігін реттеп электр құралын
жонғы табандығының (7) алғы бөлігімен дайындамаға
қарай қойыңыз.
Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
u
апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
Электр құралын қосып бір қалыпты ретте өңделетін беттің
үстінен жылжытыңыз.
Қазақ | 113
1 609 92A 7X9 | (03.08.2022)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents