Қазақ - Bosch Professional GHE 18V-60 Original Instructions Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
Қазақ
Еуразия экономикалық одағына
(Кеден одағына) мүше
мемлекеттер аумағында
қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану
құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің
корпусында жəне қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы
бетінде көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім
қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен
бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш
нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана
жарамды болады.
Iстен шығу себептерінің тізімі
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
Пайдаланушының мүмкін қателіктері
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді
пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
– Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз
Bosch Power Tools
– +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада
өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы
ылғалдылық 80 % -дан аспауы тиіс.
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69
(5 шарт) құжатын оқыңыз
– Қоршаған орта температурасы −50 °С-тан +50 °С-қа
дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы
ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Белгілердң мағынасы
Қолдану нұсқаулығын оқыңыз.
Жауын жауып тұрғанда қолданбаңыз.
Көз және құлақты қорғайтын құралдарды
киіп жүріңіз.
Бақ электр бұйымда тазалау немесе орнату
жұмыстарын өткізу алдынан немесе
электрбұйымды біраз уақыт бойы
бақылаусыз қалдырғаныңызда оның
ішіндегі аккумуляторын шығарып алыңыз.
Қолдарыңызды пышақтан ұзақта ұстаңыз.
Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
нұсқаулары
Осы электр құралының
ЕСКЕРТУ
жинағындағы ескертулерді,
нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды
оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік
нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары
мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр
құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына
(желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын
электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған
u
және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін.
Қазақ | 155
F 016 L94 563 | (18.04.2023)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents