Makita UB402MP Original Instruction Manual page 232

Blower attachment
Hide thumbs Also See for UB402MP:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
33. Қуат блогын дұрыс пайдалану үшін оның
нұсқауларын орындаңыз.
34. Машинаны іске қосу және басқару бойынша
қуат блогының нұсқаулығын қараңыз.
35. Жұмыс кезінде орнықсыз немесе тайғақ не
көлбеу бетте тұрмаңыз. Суық мезгілде мұз
және қардан сақ болыңыз және аяқ киіміңіз
берік болсын.
36. Құралды айнала көрінбейтін қолайсыз ауа
райында пайдалануға болмайды. Қолайсыз
ауа райында пайдалансаңыз, айнала нашар
көрінетіндіктен, құлап қалуыңыз немесе қате
жұмыс істеуіңіз мүмкін.
37. Құралды найзағай түсу қаупі бар жағдайда
пайдалануға болмайды.
Тасымалдау
1.
Тасымалдау кезінде моторды тоқтатыңыз.
Әйтпесе, ол байқаусызда іске қосылып,
жарақатқа әкелуі мүмкін.
Діріл
1.
Шамадан тыс дірілге ұшыраған жағдайда,
оператордың қан тамырларына немесе
жүйке жүйесіне зақым келеді және
саусақтарында, қолдарында немесе
білектерінде келесі симптомдар пайда
болады: "Ұйқыға кету" (қозғалмай қалу),
шаншу, ауыру, шаншып ауыру сезімі,
тері түсінің немесе терінің өзгеруі. Осы
симптомдардың біреуі пайда болса,
дәрігерге қаралыңыз.
"Ақ саусақ ауруы" қаупін азайту үшін
қолыңызды жылы ұстаңыз және машина
мен керек-жарақтарды дұрыстап ұстаңыз.
Техникалық қызмет көрсету және сақтау
Ауаүрлегіштің қауіпсіз жұмыс жағдайында
1.
екеніне көз жеткізу үшін, барлық сомындарды,
болтар мен бұрандаларды мықтап бекітіңіз.
2.
Бөлшектері тозса немесе зақымдалса,
оларды Makita компаниясы ұсынған
бөлшектермен ауыстырыңыз.
3.
Ауаүрлегішті құрғақ және балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Ауаүрлегішті тексеру, күтімін жасау, сақтау
4.
немесе керек-жарағын ауыстыру үшін
тоқтатқанда, оны өшіріп, қозғалмалы
бөлшектерінің барлығы толық тоқтағанына
көз жеткізіңіз және аккумулятор картриджін
шығарып алыңыз. Ауаүрлегішпен кез келген
жұмысты орындау алдында, оны суытыңыз.
Ауаүрлегішке абайлап техникалық күтім
жасаңыз және оны таза ұстаңыз.
Ауаүрлегішті сақтау алдында, оны әрқашан
5.
суытыңыз.
Ауаүрлегішті жаңбыр астында
6.
қалдырмаңыз. Бөлме ішінде сақтаңыз.
7.
Ауаүрлегішті көтергенде, тізеңізді бүгіңіз және
арқаңызға зақым келтірмес үшін сақ болыңыз.
8.
Жабдықты шаңнан және кірден үнемі
тазалап тұрыңыз. Тазалау үшін
жанармайды, бензинді, сұйылтқышты,
спиртті немесе соған ұқсас заттарды
ешқашан пайдаланбаңыз. Пластик
құрамдастарының түссізденуі, құрал пішінінің
өзгеруі немесе жарықтар пайда болуы мүмкін.
9.
Нұсқаулықта немесе қуат блогының
нұсқаулығында сипатталмаған техникалық
қызмет көрсету не жөндеу жұмыстарын
жүргізуге тырыспаңыз. Осындай
жұмыс туралы өкілетті қызмет көрсету
орталығымызға хабарласыңыз.
10. Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауларын орындаңыз.
11.
Тек түпнұсқа қосымша бөлшектеріміз
бен керек-жарақтарымызды ғана
пайдаланыңыз. Үшінші тараптың бөлшектерін
немесе керек-жарақтарын пайдалану —
жабдықтың сынуына, мүліктің зақымдалуына
және/немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
12. Біздің өкілетті қызмет көрсету
орталығымыздан машинаны тұрақты
аралықта тексеріп, техникалық қызмет
көрсетуді сұраңыз.
13. Құралды сақтамай тұрып, оны толығымен
тазалап, техникалық күтімін жасаңыз.
Аккумулятор картриджін шығарып алыңыз.
14. Жабдықты қабырға сияқты нысандарға
сүйемеңіз. Әйтпесе ол кенеттен құлап,
жарақаттауы мүмкін.
Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды
пайдалану және күтім жасау
Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
1.
құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор
блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын
басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт
қаупін тудыруы мүмкін.
Электрлік құралдарды тек көрсетілген
2.
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз.
Кез келген басқа аккумулятор блоктарын
пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қапуін
тудыруы мүмкін.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
3.
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар
мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс
жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан
аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке
әкеп соғуы мүмкін.
4.
Дұрыс пайдаланбаған кезде
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін;
оған тимеуге тырысыңыз. Егер абайсызда
тиіп кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер
сұйықтық көзге тиген болса, медициналық
көмекке жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан
сұйықтық тітіркену немесе күйікке себеп болуы
мүмкін.
5.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс
немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген
жағдайлар туындауы мүмкін.
6.
Аккумулятор блогын немесе құралды от
немесе шамадан тыс жоғары температура
шығаратын заттың жанына қоймаңыз. Отқа
түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары
болса, жарылуы мүмкін.
232 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents