Bosch UniversalChainPole 18 Original Instructions Manual page 179

Hide thumbs Also See for UniversalChainPole 18:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
Құралды құрастырып орнату (C және E
суреттерін қараңыз)
Бұтақтар ұшын қиюшының бастиегін және телескоптық
тұтқаны бір бірімен беттеу түрде жалғап, олардың
тіркесімін жалғайтын бөлшекті (6)бұру арқылы бекітіңіз.
Екі бөлшектің әрқайсысы лайықты түрде құрастырылып
орнатып және бұғатталып қойылғанын тексеріңіз.
Иық бауын (11) тұтқалардың иық бау құлақшаларында
(10)/(13) бекітіңіз. Иық бауында мөлшерлері түрлі
болған ілгештері бар болғанына назар аударыңыз.
Үлкенірек ілгіш (20) артқы тұтқасындағы иық бау
құлақшасында (13) , ал мөлшері кішкенірек болған ілгіш
(19) алдыңғы тұтқасындағы иық бау құлақшасында (10)
бекітіліп қойылғанын тексеріңіз.
Ара шынжырын қорғау құрылғысын алып тастаңыз.
Телескоп биіктігін реттеп орнату (F суретін
қараңыз)
Телескоп биіктігінің реттегішін (8) осы реттегішті бұру
арқылы босатып алып, телескоптық құбырды (7) Өзіңіз
қалаған ұзындыққа қойып, телескоп биіктігінің реттегішін
(8) қайтадан нық қылып бекітіңіз.
Құралдың қолданылуына қарай отыра, телескоптық
құбыр(7) 2,1 м және 2,6 м арасындағы ұзындыққа дейін
өзгертіліп қойыла алынады.
Бұрылмалы бастиекті орнату (H суретін
қараңыз)
Реттегіш түймешіктерінің(4)екеуін де бір уақытта бірге
баса отырып, бұтақтар ұшын қиюшының бастиегін
жоғарыға және төменге жылжыту арқылы бұрылмалы
бастиекті Өзіңіз қалаған позицияға қойып, реттегіш
түймешіктерін(4) босатыңыз да, бұтақтар ұшын
қоюшының бастиегі лайықты түрде бұғатталып
қойылғанына көз жеткізіңіз.
Бұрылмалы бастиегі 9 түрлі позицияда бұғатталып
қойыла алынады.
Ара шынжырын керу (J суретін қараңыз)
Шынжыр кернеуін жұмысты бастау алдынан, алғашқы
кесу әрекеттерінен кейін және арамен кесу барысында
үнемі әр 10 минут бойы тексеріп жүріңіз. Әсіресе жаңа
ара шынжырларын қолданғанда алғашқы уақытта
кеңейтудің жоғары бола алуына назар аударуыңыз
лазым.
Ара шынжырын тек қана ол суық қалыпта болғанда
керіңіз. Қызып тұрған қалыпта болған ара шынжырды
керу шынжырдың асқын кернеуіне апара алады.
– Ара шынжыры(1) , оны ортасынан шам. 2–3 мм ғана
көтере алу мүмкін болғанда, дұрыс кернелген деп
саналады. Бұл әрекет ара шынжырын шынжырлы
араның өз салмағына қарсы бір қолмен жоғарыға
қарай тарту арқылы өткізілуі лазым.
– Шынжыр кернеуін реттеп орнату үшін ара
шынжырдың керу бұрандасын(5) ішкі алтықырлы
бұрандамасымен сағат тілі бағытымен бұрыңыз
Bosch Power Tools
(шынжыр кернеуін арттырады) немесе сағат тілі
бағытына қарсы бұрыңыз (шынжыр кернеуін
азайтады).
Ара шынжырын майлау (I суретін қараңыз)
Нұсқау: Сатылғанда немесе жеткізіп берілгенде бұтақтар
ұшын қиюшы құрал арнайы ара шынжыр майымен
толтырылмаған қалыпта болады. Шынжырлы араны
қолдану алдынан оның маймен толтырылған болуы
маңызды. Бұтақтар ұшын қиюшы құралын ара шынжыры
үшін арналған арнайы майсыз қолдануы немесе бар
болған май көлемі керекті деңгейден төмен болғаны
бұтақтар ұшын қиюшы құралының бұзылуына апарады.
Ара шынжырының жұмыс өмірі мен кесу өнімділігі оның
майлану үйлесімділігіне байланысты. Сондықтан ара
шынжыры, ол май бүріккіш арқылы жұмыс істеп тұрған
уақытта автоматты түрде ара шынжыры үшін арналған
арнайы майымен майланып отырады.
Май резервуарын толтыру үшін төмендегідей әрекет
етіңіз:
– Бұтақтар ұшын қиюшы құралын, оның май резервуары
қақпағын(3) жоғарыға қарай қарап тұратындай қылып,
лайықты төсем үстінен қойыңыз.
– Май резервуары қақпағының(3) айналасын
шүберекпен тазалап алып, қақпағын бұрап отырып
шығарып алыңыз.
– Май резервуарын ара шынжырларына арналған,
биологиялық тұрғыдан ажырай алатын Bosch майымен
толтырыңыз. Рұқсат етілмеген майларды қолдану май
жүйесінің жұмыс қабілеттеріне жағымсыз әсер ете
алады.
– Май резервуарына кір не лас түспеуіне назар
аударыңыз.
– Май резервуарының қақпағын бұра отырып қайтадан
толығымен жауып қойыңыз. Құрал үстінен төгіліп не
тамшылап қалған майды шүберекпен сүртіп алып
тастаңыз.
– Май резервуарының қақпағы тым қатты тартылып
қалмауына көз жеткізіңіз.
– Құрал жүйесіне майды сорғылап түсуі үшін алдымен
бұтақтар ұшын қиюшы құралын 30 секунд бойы іске
қосып, жүргізіп қойыңыз.
Нұсқау: Май резервуарын желдету үшін май резервуары
бітеуші шағын ауа каналдарымен жабдықталған. Майдың
ағып шығуын болдырмау үшін, бұтақтар ұшын қиюшы
құралын, оны қолданбаған уақытта әрқашан май
резервуары қақпағын(3) жоғарыға қарай қарап
тұратындай қылып, көлбеу түрде қойыңыз.
Нұсқау: Төмен температураларда май тұтқыр болып
кетіп, осының салдарынан май өнімділігінің деңгейі
төмендеп кетеді.
Ара шынжырын алмастыру (K және L
суреттерін қараңыз)
Ара шынжырын ұстағанда және қолданғанда
u
әрқашан қорғау қолғаптарын киіп жүріңіз.
Қазақ | 179
F 016 L94 358 | (10.12.2021)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Universal chain pole 18 solo

Table of Contents